"Сұнқар" студенттер кәсіподағы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағы

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы қоғамдық бірлестігі ҚР Конституциясы мен ҚР Азаматтық Кодексі негізінде әрекет ететін адамдардың құқықтары мен қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін құрылған ерікті,тәуелсіз,өкіметтік емес қоғамдық бірлестік болып табылады. «Сұңқар» студенттер кәсіподағы 1999 жылы 14 сәуірде Дәурен Абаевтың бастамасымен ресми түрде жұмысын бастады.

Студенттер кәсіподағының мақсаттары мен жұмыс түрлері.

Студенттер кәсіподағының негізгі мақсаттары:

  • ҚР заңдарына сәйкес өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін таныстыру және қорғау;
  • Заңдармен бекітілген степендиялар мен жеңілдіктерді уақытылы төлеуді қадағалау;
  • Қауіпсіз еңбек пен оқуды қамтамасыз ету;
  • Шығармашылық еңбек пен оқуға қажетті жағдайлар жасау;
  • Медициналық қызмет көрсету,емдеу мен демалысқа мүмкіндіктер жасау,тұрмыстық жағдайды жақсарту;
  • Жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру.

Студенттер кәсіподағының жұмыс түрлері:

  • ҚР заңдарына сәйкес өзінің мүшелерінің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау;
  • Өзінің мүшелерін әлеуметтік ,экономикалық және құқықтық қорғау,жұмыспен қамту,өмір сүру минимумын тағайындау мен оның бақылау ,кіріс индексациясы,степендия мен жеңілдіктерін минималды деңгейін жоғарылатуға байланысты жоспарлар мен бағдарламалар жасау оларды әкімшілікке және сәйкес мемлекеттік органдарға ұсыныс ретінде енгізу;
  • ҚР заңдарына сәйкес білім туралы заң,еңбек туралы заң және өз мүшелеріне қатысты кәсіпорындар заңдарының орындалуын қадағалау және заңды бұзушылық байқалса,оны жоюға талап ету;
  • Білімді тереңдету,кеңейту,жоғарылату мақсатында ұйымдастырушылық және практикалық көмек көрсету;
  • Азаматтық келісім мен ұлтаралық бейбітшілікке себеп болу,Қазақстан халықтарының ұлттық салт – дәстүрін дамыту,өнегелі және рухани байлықтарды бекіту;
  • Республикааралық және халықаралық байланыстарды орнату мен дамытуға атсалысу;
  • Студенттерді кәсіподақ мүшелерінің жеке қабілеттері мен интеллектуалы потенциалдарын жүзеге асыруға жағдайлар жасау.

« Сұңқар» студенттер кәсіподағы көрсететін әлеуметтік көмек түрлері

Студенттер мәселесі

Құжаттар тізімі

Көмек түрлері

1

Мүмкіндігі шектеулі студенттер

1. Студенттік билет көшірмесі

2. Жеке куәлік көшірмесі

3. Мүгедектік туралы куәлік

Бір реттік әлеуметтік көмек

2

Балалы студенттер

1. Студенттік билет көшірмесі

2. Жеке куәлік көшірмесі

3. баланың туу туралы куәлігі

4.неке туралы куәлік

«Жаңа жылдық» сыйлық, бір реттік

3

Денсаулығы нашар, көпбалалы отбасыларынан шыққан студенттер

1. Студенттік билет көшірмесі

2. Жеке куәлік көшірмесі

3. әрбір баланың туу туралы куәлігі

Бір реттік әлеуметтік көмек

4

Асқазаны және қант диабетімен ауыратын студенттер

1. Студенттік билет көшірмесі

2. Жеке куәлік көшірмесі

3. ҚазҰУ – дың медпунктімен куәландырылған анықтама

ҚазҰУ-дың барлық тамақтандыру орындары үшін 20 талон

5

Ата-анасының біреуі жоқ студенттер

1. Студенттік билет көшірмесі

2. Жеке куәлік көшірмесі

3. туу туралы куәлік

4. қайтыс болғаны туралы куәлік

Бір реттік әлеуметтік көмек

6

Ата-анасының екеуі де жоқ студенттер

1. Студенттік билет көшірмесі

2. Жеке куәлік көшірмесі

3. ӘЖК (СИК)

4. СТН(РНН)

5. қайтыс болғаны туралы куәлік

6. Қамқоршы туралы куәлік. Нотар. куәландырылған

Бұйрық бойынша ай сайынғы әлеуметтік көмек

Басшы басқару ісінде ақылмен іс қылуды, ең алдымен, адамдық ізгі қасиетті ұстануы керек ,- деген нақыл сөзді ғұламалар текке айтпаса керек.Жақында бұл сөздердің растығына куә болып, тағы да көз жеткізгендейміз. Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің деканы,экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ермекбаева Баян Жүндібайқызының студенттермен кездесу кешінен біраз ой түйдік. "Ұрпақ тәрбиесі -ұлт болашағы" тақырыбындағы іс-шараға қатысқан әрбір студент осы кеште рухани азық алды десек артық айтқанымыз емес. ЭжБЖМ деканының факультет студенттерімен еркін, ашық қарым-қатынаста болып , аналарындай қамқор екенін көру көз қуантарлық жағдай.

2 – жұлдыз, факультеттегі естен кетпес шоу!!Студенттер мен оқытушылардан құралған жұптар, бойындағы өнерлерін ортаға салды! Ең алғаш рет факультетте ұйымдастырылған бұл жоба әлі де жалғасын таппақ...

БАУЫРСАҚ PARTY!!! 26 қыркүйек. Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі. Сұңқарлықтар. Тамаша көңіл күй. Ең дәмді бауырсақтар. Қазақтың мақал-мәтелдері, өлеңдері оқытылып, тиісінше Сұңқардың ең әсем арулары мен сері жігіттері дәмі тіл үйірер бауырсақтардан ұсынды.

2012-2013 оқу жылының қорытындылау сәті

2012-2013оқу жылы аралығында жасалған жұмыстар, жеткен жетістіктер сараланып, талқыланып, кәсіподақ мүшелері АЛҒЫС ХАТтармен марапатталып , ең үздік атанған студенттер арнайы номинацияларға ие болып , «СҰҢҚАР» төсбелгісін кеуделеріне тақты.