Жалпы мәліметтер

Философия және саясаттану факультеті көп сатылы жүйе бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бойынша мамандар даярлайды.

БАКАЛАВРИАТ

5В020100 – Философия

5В020400 – Мәдениеттану

5В020600 – Дінтану

5В010300 – Педагогика және психология

5В050300 – Психология

5В050100 – Әлеуметтану

5В090500 – Әлеуметтік жұмыс

5В050200 – Саясаттану

5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

МАГИСТРАТУРА

6М020100 – Философия

6М020400 – Мәдениеттану

6М020600 – Дінтану

6М010300 – Педагогика және психология

6М050300 – Психология

6М050100 – Әлеуметтану

6М090700 – Әлеуметтік жұмыс

6М050200 – Саясаттану

6М012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

PhD ДОКТОРАНТУРА

6D090500 – Әлеуметтік жұмыс

6D020400 – Мәдениеттану

6D050300 – Психология

6D050200– Саясаттану

6D050100 – Әлеуметтану

6D020100 – Философия

6D020600 – Дінтану

6D010300 – Педагогика және психология

5D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Оқу тұрпаттары: күндізгі, сыртқы (екінші жоғары білім), қашықтықтан.

Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Оқу түрі: грант және ақылы.

Факультетте жыл сайын 1000-нан астам студент білім алуда, сонымен қатар, 150 оқытушы, оның ішінде ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, доктор PhD бар.

Факультетте Әлеуметтік зерттеулер және инжиниринг орталығы, «әл-Фараби» орталығы, ғылыми-инновациялық білім зерттеулер орталығы, Психологиялық зертхана, студенттік клубтар - «Нұр», психологиялық клуб «Инсайт», педагогиқалық театр «Шабыт», «Әлеуметтік жұмыс» клубы, студенттік ғылыми қоғам «Логос» жұмыс істейді.

Философия және саясаттану факультетінің студенттері, аспиранттары мен жас ғалымдары халықаралық гранттар мен қорлар бойынша шет елдерде оқып, тәжірибе жинақтай алады. Факультет ғалымдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Қытай, Түркия, Иран, Үндістан және Ресей мамандарымен бірлесе отырып, халықаралық грант бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Факультет құрамында PhD бағдарламасы бойынша докторлық диссертациялық кеңестер құрылған.

Мамандар даярлау, негізінен, факультет құрамындағы 6 кафедра бойынша жүзеге асырылады.

- Әлеуметтік философия кафедрасы;

- мәдени антропология және дінтану кафедрасы;

- жалпы және этникалық психология кафедрасы;

- жалпы және этникалық педагогика кафедрасы;

- саясаттану кафедрасы;

- әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы.

Мамандықтар бойынша қысқаша сипаттама


Философия адамзат білімінің барлық салаларын қамтитын түбегейлі ғылым болып табылады. «Философия» мамандығы бойынша алған білімдеріңізді Сіз мына салаларда жүзеге асыра аласыздар:

- жоғарғы және орта арнайы оқу орындарында философиядан, этикадан, логикадан және басқа философиялық пәндерден сабақ бере аласыз;

- мемлекеттік қызметте (ҚР Президенті Әкімшілігінде, Министрлікте, облыстық, аудандық, жергілікті әкімшілік-тер-де);

- ғылыми-зерттеу және басқару мекемелерінде;

- Ұлттық қауіпсіздік комитеті сараптама бөлімдерінде қызмет ете аласыз.

Философиялық білім алған, дайындықтан өткен маман қазіргі кезеңдегі нарықтық жағдайда өте қажетті маман болып табылады, себебі оның алған білімі қоғамдық өмірдің кез-келген – экономикалық, саяси, рухани және әлеуметтік салаларында табысты қызмет етуге мүмкіндік береді.


Мәдениеттану – адамзат іс-әрекетінің барлық саласын қамтитын гуманитарлық ғылым. Себебі, мәдениеттану маңыздылығы өркениеттер интеграциясы үдерісімен түсіндіріледі.

Мәдениеттанушы мамандар жоғары оқу орындарында, колледждерде, лицейлерде, гимназияларда, ғылыми зерттеу және басқару ұжымдарында, мемлекеттік қызметте, халықаралық қатынастар жүйесінде, қоғамдық қатынастарды реттеу қызметіне кәсіби маман ретінде сұранысқа ие.

Мәдениеттанушылар өз кезегінде өнертанушы, мұражайлар мен ұлттық мәдениет орталықтарында кеңесші қызметін атқарады. Мәдениет саласымен тығыз қатынастағы ұйымдарда маман ретінде жұмыс істей алады. «Мәдениеттану» мамандығында білім алатын студенттер: әлеуметтік-мәдени іс-әрекет; мәдениеттегі менеджмент; өнертану; тарихи мәдениеттану; теориялық мәдениеттану; мәдени антропология; мәдениет философиясы бағыттары бойынша арнайы дайындықтан өтіп, кәсіби біліктілік жинақтайды.


Дінтану – республикамыздағы жаңа және үлкен сұранысқа ие мамандықтардың бірі.

Егер сіз «Дінтану» мамандығын таңдаған болсаңыз, онда жоғарғы кәсіби деңгейде конфессионалдық мәселелерді терең талдауға қабілетті боласыздар.

«Дінтану» мамандығының түлектері келесі мамандықтар бойынша жұмыс істей алады:

- ІІМ, ҰҚК және прокуратура органдарында кеңес беруші және эксперт маманы ретінде;

- Ішкі және сыртқы саясат бөлімдерінің қызметкерлері; Діни істер бойынша Комитетте;

- Мемлекеттік, конфессиялық және қоғамдық ұйым-дарда тәуелсіз эксперт ретінде;

- Мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік-шіркеу-лік мәселелерде дінаралық және конфессияаралық қатынастар бойынша кеңесші;

- Жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқытушы ретінде.


Саясаттану – қазіргі заманда ең керекті және мәртебелі мамандықтардың бірі. Түлектері мына салада қызмет ете алады:

- мемлекеттік басқару органдарының қызметкері; ішкі және сыртқы саясат салаларында; жұртшылықпен байланыста (PR); мемлекеттік-әкімшілік құрылымында;

- ғылыми-зерттеу институттарда, орталықтарда қызметкер;

- университеттерде, институттарда, колледждерде оқытушы;

- сараптамалық қызметтің және ҰҚК мен ІІМ қызметкерлері; қоғамдық саяси ұйымдарда және саяси партияларда;

- халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық мекемелердің маманы;

- бұқаралық ақпараттар саласының сараптама бөлімінде (теледидар мен газет-журналдарда);

- имиджмейкер және конфликтолог.


Психология – бұл өмір сүрудің ерекше формасы ретіндегі психиканың даму және қалыптасу заңдылықтары мен жан туралы ғылым. Бүгінгі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтар қатарының бестігіне кіреді. Психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда – білімде, бизнесте, саясатта, басқаруда, медицинада, жарнамада және т.б. салаларда.

Психология мамандығының бакалавр түлектері мына салаларда қызмет ете алады:

- оқу орындарында психология пәнінің оқытушысы (мектепте, гимназияда, колледжде);

- денсаулық сақтау және білім беру жүйесінде;

- отбасы қызметтерінде практик-психолог;

- мемлекеттік басқару органдарында және қоғамдық ұйымдарда кеңесші-психолог;

- саяси психолог, имиджмейкер;

- әр түрлі ұйымдардың кадр таңдау қызметінде персонал бойынша менеджер;

- ішкі істер министрлігінде және ұлттық қауіпсіздік комитетінде, түзету мекемелері мен әскери бөлімшелерде психолог;

- психологиялық-психиатриялық сот сараптамасында психолог.


Педагогика және психология – тендессіз мамандық, яғни маманның болашақ іс-әрекетінде педагогикалық-психологиялық біліктілік пен педагогикалық мәдениетті бір ағымға біріктіруге мүмкіндік береді.

«Педагогика және психология» мамандығының түлектері төмендегідей қызметтер атқара алады:

- әр түрлі оқу-тәрбие мекемелерінде (мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, жалпы білім беретін орта мектеп, кәсіби мектеп, бейіндік мектептер: гимназия, лицей, колледж) педагог-психолог;

- білім беру жүйесінің ҒЗИ-да кіші ғылыми қызметкер;

- педагогика және психология оқытушысы;

- интернат, балалар үйі, түзету және коррекциялық мекемелерде әлеуметтік педагог;

- әкімшілік ұйымдардың маманы (білім және ғылым ми-нистрліктерінде, облыстық, аудандық, қалалық білімді басқару мекемелерінде);

- түрлі ұйымдарда кадр саласындағы менеджерлерді және кадрларды дайындау, қайта даярлау менеджері.


Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану - Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы жаңа мамандық. Түлектер:

- әлеуметтік педагог, «өзін-өзі тану» пән мұғалімі ретінде;

- мемлекеттік құрылымдарда (ҚР Бж ҒМ балалар құқығын қорғау Комитеті);

- әлеуметтік бағыттағы мекемелер (әлеуметтік қамтамасыздандыру, жұмыссыздарға, жағдайы жоқтарға, еңбекке жарамсыздарға, еңбек ету мүмкіндігі шектеулілерге, қарт-қарияларға қолдау көрсету мен көмектесу органдары);

- білім беру мекемелерінде (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, балалар үйі, интернаттар, арнайы білім беру мекемелері);

- қоғамдық ортада өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамыту проблемаларымен айналысатын мекемелерде (түземе және ақтау орталықтары);

- балалардың бос уақыттарын ұйымдастырумен және балалар шығармашылығын қолдаумен, өскелең ұрпақтың толыққанды әлеуметтенуімен және тұлғалық дамуымен айналысатын мекемелерде (қоғамдық ұйымдар, балалар клубы, студиялар, сауықтыру лагері) жұмыс жасай алады.


Әлеуметтану – мемлекеттік билік, әлеуметтік және саяси процестер, әлеуметтанулық және маркетингтік зерттеулер, еңбек нарығы мен қызмет көрсету, сондай-ақ бүгінгі мен болашақты әлеуметтік болжау туралы ғылым. Әлеуметтанушы - бұл қазіргі заманғы, әлеуметтік әлемнің құрылымы, яғни, тұлғалар әлемі, әр түрлі қауымдастықтар мен оқиғалар туралы престижді және қызықты мамандық.

Әлеуметтік жұмыс – бұл мамандық әлемдік тәжірибеде престижді он мамандықтың қатарына кіреді. Жыл өткен сайын өзіне терең назар аудартады. Оның негізгі мақсаты – өмірдің қиын жағдайларына ұшыраған адамдарға көмек көрсету.

Осы мамандықтарды игергеннен кейін Сіз біліміңізді төмендегідей іске асыра аласыз:

- мемлекеттік қызметте (ҚР Президенті Әкімдігінде, Министрліктерде, Әкімдіктерде);

- оқытушылық және әкімшілік қызметтер саласында;

- әлеуметтік жобалар сарапшысы мен менеджері және әлеуметтік технолог ретінде;

- ірі бизнес пен ғылымның жаңа салаларындағы зерттеушілер мен маркетологтар ретінде;

- PR-кампанияларда, халықаралық жобалар мен кадрлық қызметтерде;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық қорлардың маманы ретінде;

- халықаралық жобалар мен ұйымдарда;

- халықты қорғау және әлеуметтік саясат Департаментінің эксперті мен кеңесшісі ретінде.


Студенттерге тамаша жабдықталған университеттің спорт кешені, 1600 адамға арналған академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы, Ыстықкөлдегі (Қырғызстан) спорттық-сауықтыру лагері де қызмет көрсетуге арналған. Студенттерге қаланың экологиялық таза ауданы – ҚазҰУ қалашығында жатақхана беріледі, студенттер Интернет ақпараттық жүйесін ақысыз пайдалану мүмкіндігіне ие. Жергілікті есептеу желісі жұмыс істейді.

Ер балалар университет базасында әскери дайындықтан өтеді.

Бізде оқу өзекті, абыройлы және кемелді!