Экономика және бизнес факультетінің ғылыми мектебі

50-ші жылдары экономика факультетінде экономикалық пәндердің, ең алдымен – политэкономияның (экономиялық теория) оқытушысы ретінде, табиғатынан өз істеріне берілген, адал да тамаша дәріскер және педагогтар, белгілі қазақстандық ғалымдар өздерінің ғылыми-педагогикалық қызметтерін атқарды. Олардың ішінде өздерінің көптеген шәкірттері арасында 50-70-жж. экономистердің рухани әкесі болған академик, экономика ғылымдарының докторы, профессор С.Б. Баишев, республиканың Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ғ.Ч. Чуланов, экономика факультетінің тұңғыш деканы, ғылым кандидаты, доцент Ф.А. Жеребятьевтер бар.

Экономика факультетінің студенттері экономика ғылымдарының докторы, профессор Соломон Аронович Нейштадтты ерекше еске алады. Ол ғылыми-теориялық білім мен әлемдік экономикалық ілімді терең игерген, француз тілі мен әлемдік классикалық әдебиеттің білгірі болды.

Танымал оқытушы ғалымдармен жұмыс жасай отырып, экономикалық теорияның дамуына экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Я.Ә. Әубәкіров үлкен үлес қосты.

Экономика факультетінің түлегі, экономика ғылымдарының докторы, профессор В.Н. Пуриц 35 ғылым кандидатын даярлады.

Экономика факультетінің қабырғасынан елге белгілі ҚР ҰҒА академиктері К.Н. Нәрібаев, К.А. Сағадиев, С.С. Сатыбалдин, профессорлар Р.А. Алшанов, Г.Д. Қарағұсова, Н.К. Мамыров, С.Н. Нысанбаев, К.О. Оқаев, Ө.Қ. Шеденов және т.б. тәрізді жоғары мектеп жетекшілері шықты.