Философия және саясаттану факультетінің ғылыми мектептері

Қазақстанда философиялық білім беру 1949 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-де философия-экономика факультетінің ашылуынан басталады. Қазақстандық философиялық мектептің алғашқы өкілдері Н.П. Дардыкин, М.Н. Чечин, К.Х. Рахматуллин, Ж.М. Әбділдин, Н.С. Сарсенбаев, А.Х. Қасымжанов, А.Д. Келбұғанов және тағы басқалар болды. Қазіргі кезеңде қазақ философиясының теориясы мен тарихын профессорлар Ғ. Есім, А.К. Қасабек, Ж.Ж. Молдабеков, Ж.А. Алтаев зерттеу үстінде. Ал, профессорлар М.С. Орынбеков, Б.К. Құдайбергенов, Н.Ж. Байтенова – Қазақстан дінтану мектебінің негізін қалаушылар болып табылады. Қазақстандағы мәдениеттану мектебінің дамуына С.Т. Темірбеков, Т.Х. Ғабитов, Б.Ғ. Нұржанов өз үлестерін қосуда.

Саясаттану ғылыми мектебі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың саясаттану кафедрасында 1992 жылдан бастап дами бастады. Негізгі ғылыми бағыттары Т.Т. Мустафин, Л.А. Байделдинов, Л.М. Иватованың жетекшілігімен қалыптасты.

Қазақстанда әлеуметтану ғылымының дамуы қазақстандық әлеметтанушылар Ассоциациясының құрылуымен, қолданбалы әлеуметтанушылық зерттеулердің дамуымен, сонымен қатар ең алғашқы әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор М.М. Тажин есімімен тығыз байланысты. Елімізге танымал әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының ғылыми мектебінің негізін салушылар: Н.А. Аитов, М.С. Аженов, К.Ү. Биекенов.

Университетте педагогикалық және психологиялық ғылымдардың дамуы 40-жылдардан басталған. Бұл бағыттың алғашқы өкілі ҚазССР ҒА академигі Т.Т. Тәжібаев болып табылады. Педагогикалық және психологиялық мектептердің негізгі ғылыми бағыттары мына ғалымдардың есімімен байланысты: А.И. Сембаев, К.Б. Бержанов, Х.К. Арғынов, А.Т. Табылдиев, Ж.Р. Баширова, Г.К. Ахметова, З.А. Исаева, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов.