География факультетінің ғылыми мектебі

Факультеттің іргетасын қалаушылардың құрамында Қазақстандағы география ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан аса танымал географ-ғалымдар болған. Олардың ішінде проф. В.А. Соколов, проф. М.Ж. Жандаев, проф.

Г.Г. Муравлев, доц. З.П. Коженкова, проф. В.И. Коровин, проф. А.В. Чигаркин және т.б.

Факультеттің қалыптасу тарихында ірі ғылыми ізденістер мен ашылған жаңалықтарға куә боламыз. Минералогия және кристалография кафедрасы теориялық және қолданбалы минералогияның кенөңдіру процестерінің геохимиялық кристаллография саласында зерттеулер жүргізді. Минерало және рудогенез процестерінде оттегі күкіртін, бірқатар өткір шашыраңқы элементтер, бағалы металдар, никель, кобальт, қышқыл металдар жай-күйі зерттелген, рН ортасындағы минералогенез процестерінің классификациясы жасалған. Петрография кафедрасының ұжымы (проф. А.А. Глаголев және т.б.) жоғарысазды минералдардың сандық минералдық талдаудың арнайы әдістерін жасап шықты. Осының бәрі Қазақстандағы геологиялық-геогафиялық ғылымның ұзақ жылдарға арналған даму бағытын анықтады.

География және Жер туралы ғылымдар саласында гидрологиялық процестерді математикалық модельдеу мәселелері, ландшафтық экология, өзендер мен өзен аңғарларының құрылу теориясы, Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеу, тиімді пайдалану және қорғаудың өзекті мәселелері, суармалы жерлердің су және жылу теңдеуі мәселелері, апатты процестерді болжаудың ғылыми негіздері, гляциология және т.б. зерттеулер жүргізіледі.

Қазіргі кезде география фаультетінің ғылымы іргелі және қолданбалы сипатта келесі бағыттарда дамуда: физикалық география, экономикалық, әлеуметтік және саясигеография, геоморфология және картография, құрлық гидрологиясы, метеорология, туризм және қолданбалы экология.