Механика-математика факультетінің ғылыми мектебі

ҚР ҰҒА академигі Қ.А. Қасымов өзінің шәкірттерімен (М.Қ. Дауылбаев, Н. Биаділов, Д. Нұрғабыл, Ж.С. Сүлейменов т.б) дифференциалдық теңдеулердің асимптотикалық теориясынан зерттеулер жүргізуде.

ҚР ҰҒА академигі Ш.А. Ершиннің мектебі (Ұ.А. Жапбасбаев, А. Қалтаев, Г.Т. Балақаева т.б) дыбыстан кейінгі және дыбысқа дейінгі шырақ, турбуленттік ағын және жаңа типті жел турбинасы т.б. зерттеулермен айналысады.

ҚР ҰҒА-ның академигі Қ. Блиевтің мектебі (А.Б. Тунгатаров және Р. Мырзақұлов т.б) комплекс айнымалы аналитикалық функциялар теориясы мәселелерімен айналысады.

Қ. Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты С.А. Айсағалиев өзінің шәкірттерімен (М. Жиеналиев, М. Калимолдаев, З. Мурзабеков, Ш. Айпанов т.б) басқару процесінің математикалық теориясын дамытуда.

ҚР ҰҒА-ның академигі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ш.С. Смағұлов өзінің шәкірттерімен (Д.А. Искендерова, Б. Рысбайұлы, Г. Даирбаева, У.С. Абдибеков, В.П. Сироченко т.б) тұтас орта механикасының көптеген нобайына жарататын схемалар теориясын қалыптастырды. Бүгін оның жұмыстарын ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты профессор Н.Т. Данаев жалғастыруда.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ҰҒА академигі Б.Т. Жұмағұловтың компьютерлік технологиядан ғылыми мектебі (Н. Темірбеков, У. Абдибеков, А.У. Евсеева, Л.А. Нестеренкова т.б.) мұнай зерттеулерінің автоматтандырылған жүйелердің талдауының бүкіл әлемге өздерінің нәтижелерімен информациялық технологияларды мұнай табу өнеркәсібіне енгізумен танымал.