Қытай Халық Республикасының құрылғанына 69 жыл толуына және Әлемдік Конфуций институты күніне арналған салтанатты кеш

28.09.2018

Көрулер: 2884

28 қыркүйек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасының құрылғанына 69 жыл толуына орай және Әлемдік Конфуций институты күніне арналған салтанатты кеш өтті. Кеш қонақтары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық бағдарлама орталығының директоры Абдиман Ж.О., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Айдарбаев Ж.С., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ы.М., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының директоры Асылбеков Р.Ө., Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдың орынбасары Гуо Синьчяо мырза; Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығының мәдениет және оқу-ағарту ісі бойынша вице-консулы Ван Циньпин мырза; Қазақстан Республикасы «Бірлік» Қытай ұлттық мәдени орталығының басқарма мүшесі Ню Юй Чин ханым. Салтанатты кештің басын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қалықаралық бағдарлама орталығының директоры Абдиман Ж.О. Қытай Халық Республикасының құрылғанына 69 жыл толуын құттықтап, құттықтау сөзін айтты. Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдың орынбасары Гуо Синьчяо мырза Шығыстану факультетінің қытай тілін оқытудағы орнының ерекше екенін атап өтті және ұйымдастырған іс-шараға Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдының атынан үлкен алғысын білдірді. Салтанатты кеште Шығыстану факультетінің 1-курс студенттері, Конфуций институтының студенттері, Халықаралық Қазақ-Қытай тіл колледжінің оқушылары, Абай атындағы ҚазҰПУ студенті өнер көрсетті. Студнеттер қазақ, қытай, ағылшын тілдерінде ән шырқап би биледі, қытайдың «конгфу», «тайци» өнерлерін де көрсетті, 1-курс студенттерінің «Мен қытай тілін жақсы көремін» атты көрінісі де ерекше ықыласқа бөленді.