Нәрібаев Көпжасар Нәрібайұлы

Нәрібаев Көпжасар Нәрібайұлы (1938 ж. т.)

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері.

1960 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-нің экономика факультетін бітірді.

1976-1983 жж. – Қазақ ССР жоғары және арнайы орта білім Министрінің орынбасары.

1983-1987 жж. – Қазақстан Республикасының жоғары және арнайы орта білім Министрі болып қызмет атқарды.

1987-1990 жж. – жетекші ғылыми қызметкер, Қазақ ССР ҒА-ның экономика Институтының басқару мәселесі бөлімінің меңгерушісі.

1990-1991 жылдары – Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік комиссиясы председателінің экономикалық реформа бойынша орынбасары.

1994 жылы – Қазақстан Республикасының ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі болып сайланады.

1991-2001 жж. – 1991-2001 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттінің ректоры болды.

2002-2006 жж. академик К.Н.Нәрібаев Алматы технологиялық университетінің проректорлық қызметін атқарды.

2006 ж. ортасынан К.Н.Нәрібаев қызметін ҚР білім және ғылым министрлігінің экономика Институтына ауыстырады.

2008 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы республикалық білімді дамыту Кеңесінің мүшесі және төраға орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі таңда К.Н.Нәрібаев экономиканы басқару саласын жоғарғы оқу орындарында ұйымдастыру жөніндегі республикамыздағы белді ғалым.