Әбділдин Мейірхан Мұбаракұлы

Әбділдин Мейірхан Мұбаракұлы (1938 ж. т.)

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒА-ның академигі.

1959 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-нің физика факультетін бітірді.

1970 жылдан бастап С.М.Киров атындағы ҚазМУ-де қызмет атқарып жүр. 1970-1981 жж. аралығында және 1986 жылдан қазіргі күнге дейін теориялық физика кафедрасының меңгерушісі.

1988-1991 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болып қызмет атқарды.

Эйнштейннің салыстырмалы және гравитация теорияларының маманы, Қазақстан Республикасындағы «Теориялық физика» атты фундаментальді зерттеу басым бағытының ұймдастырушысы, «гравитациялық, электромагниттік, күшті және әлсіз қарым-қатынастардың теориялық зерттеулері» атты фундаментальді зерттеулердің жетекшісі.

М.М.Әбділдин Ресейлік гравитациялық қауымдастықтың мүшесі, Халықаралық физикалық журналының алқа мүшесі. Қазақстандағы теориялық физика саласы бойынша бірінші доктор және профессор.