Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлы

Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлы (1910-1964)

Педагогика ғылымдардың докторы, профессор, ҚазССР ҒА-ның академигі.

Т.Т.Тәжібаев – ірі қоғам және мемлекеттік қайраткер, танымал ғалым, психолог, педагог.

1935 жылы Мәскеу қаласындағы коммунисттік тәрбие Академиясын бітірген. 1941 жылға дейін Т.Т.Тәжібаев Республиканың халықтық ағарту ісі комиссарының орынбасары болып, кейін Халық ағарту ісінің комиссары болып тағайындалды.

1941-1944 жж. – КазССР Халық ағарту комиссарының бірінші орынбасары, кейін Халық комиссары қызметтерін атқарды. ҚазССР Халық комитеті Кеңесінің төраға орынбасары, ал 1944-1957 жж. республиканың сыртқы істер министрі болып қызмет атқарады.

1947-1953 жылдар аралығында Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болды.

Т.Т.Тәжібаев ең алғашқы педагогика ғылымдарының докторы және «Педагогика және психология» мамандығы бойынша ҚазССР Ғылым академиясының ең бірінші академигі болды.

Академик Т.Т.Тәжібаев Қазақ мемлекеттік университетінде ректорлық қызмет атқарған кезінде, педагогика мен психология ғылымдары бойынша аспирантураның күндізгі бөлімін ашты. Сонымен қатар, 1948 жылы ашылған Ш. Уәлиханов атындағы студенттік ғылыми қоғам мен ҚазМУ спорттық клубының негізі Т.Т.Тәжібаевтің арқасында қаланды.

Еңбек Қызыл Ту ордені, «Құрмет белгісі» және басқа да көптеген медальдармен марапатталған.