SIFE


STUDENTS IN FREE ENTERPRISE

SIFE (Students In Free Enterprise – Студенттер Еркін Кәсіпкерлікте) – кең ауқымды халықаралық студенттік бағдарлама, өз қаласындағы, ауданындағы, облысындағы экономикадағы білім саласын, бизнесін, еркін кәсіпкерлігін дамытуға шығармашылық және инновациялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Халықаралық SIFE бағдарламасы 1975 жылдан бері дамып келеді және қазіргі таңдағы негізгі мақсаты нарықтық экономиканың қағидалары мен құндылықтарын ұйрететін, 47 мемлекетке таралған ең ірі мемлекеттік емес ұйым.

Қазақстанда SIFE қозғалысы 1996 жылы ашылды. Елімізде ең алғашқы команда ҚазҰУ-да құрылған болатын, және олар еліміздің үш дүркін чемпионы болған. 2001 жылы Лондон қаласында ҚазҰУ SIFE командасы ROCKYOFTHEYEAR жүлдесін алған болатын.

SIFE мақсаты

Еркін кәсіпкерлік саласында білім беру арқылы адамдарға мақсаттарына жетуге көмектесу.


SIFE МИССИЯСЫ

Көшбасшылық қабілеттіліктерін арттыруға; қарым-қатынас орнату өнерін меңгеруге; нарықтық экономика қағидаларын зерттей, нақты тәжірибеде қолдана отырып, өзгелерге де үйрете отырып командада жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік беру.

SIFE ЖОБАЛАРЫ МЕН АУДИТОРИЯСЫ

SIFE бағдарламасының аясында студенттердің командасы халықтың түрлі топтарына нарықтық экономиканың заңдарын, еркін кәсіпкерлікті, нарықтық экономикаға бейімделуді үйрететін түрлі бағдарламаларды құрып, іске асырады.

SIFEбағдарламасының қатысушылары өз бағдарламаларын жүзеге асыра отырып, студенттерге, ЖОО ұстаздарына, оқу орындарының басшыларына, мемлекеттік қызметкерлерге, түрлі ұйымдардың қызметкерлеріне ақпараттық семинарлар жүргізеді.

Бизнес-ұйымдардың келісімімен SIFE арнайы конкурстар ұйымдастырады, ол конкурстардың арқасында ұйымға жаңа жобаларды жасауда SIFE бағдарламасына қатысушы студенттердің қабілетін байқауға болады.

Арнайы жобалардың аясында бизнестің басшылары студенттермен тікелей жұмыс істей отырып, қабілетті студенттерді таңдап, болашақ фирма қызметкері ретінде жұмысқа қабылдауына болады.

SIFE бағдарламасының жобасына қатысу:

өзінде көшбасшылық қасиеттерді дамытуға көмектеседі. Қазіргі таңда бұл маңызды қасиеттердің бірі болып табылады, көп адамдар ереже бойынша жұмыс істеп, нұсқаулықтарды орындай алады, ал көш бастайтын адамдар – аз.

студенттерге тиімді қарым-қатынас орнату қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді, бастысы кері байланыстың болуы.