Ғылыми-әдістемелік кеңес

Ғылыми-әдiстемелiк кеңес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметінің ғылыми-әдiстемелiк және оқу сұрақтарын талқылау, сапа мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік өңдеулерді ұйымдастыру орталығы және консалтингтік, кеңесші-ұсыныс беруші алқалық басқару органы болып табылады.

Ғылыми-әдiстемелiк кеңес жоғары және ЖОО-дан кейiнгi білім берудің сапасын басқару бағыттары мен тетіктерін анықтау және бiлiм беру үдерісінің менеджменті мен басқарудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне енгiзу бойынша ұсыныс бередi, университеттің нормативтік базасын бекітеді.