Ғылыми конференциялар жөнінде ақпарат

"Лингвистика: ақпараттық технологиялар"

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы 2014 жылдың 18 наурызында жас ғалымдар арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын «Лингвистика: ақпараттық технологиялар» атты Республикалық жас ғалымдардың ғылыми-теориялық симпозиумын өткізеді.

Симпозиумға жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, студенттер шақырылады. Ғылыми симпозиум мынадай бағыттарда жұмыс істейді:

  1. Тілді зерттеу және ақпараттық технологиялар
  2. Тілді оқытудағы компьютерлік технологиялар
  3. Корпустық лингвистика: қазақстандық ғылым саласындағы алғышарттары және даму жолдары

Симпозуим қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Симпозуим материалдарын жинақ түрінде жариялау көзделіп отыр. Ұйымдастыру жарнасы - 2500 теңге.

Симпозуимға қатысу үшін 2014 жылдың 25 ақпанына дейін өтініш білдіріп, баяндама мәтінін электронды нұсқасымен бірге ұсыну керек. Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады. Баяндамалар мәтіні төмендегідей техникалық шарттарға сай болуы керек: Көлемі – 3-5 бетке дейін, Word 1997-2003, 2007, Times New Roman (шрифтімен), 14 кегль, форматы – А4, аралығы – 1 интервал. Баяндаманың соңында пайдаланған әдебиеттер сілтеме реті бойынша келтіріледі.

Қатысу жайлы өтініште төмендегідей мәліметтер болуы керек:

1.Аты-жөні.

2. Ғылыми дәрежесі, атағы.

3. Жұмыс орны, қызметі.

4. Баяндаманың аты.

5.Мекен-жайы, e-mail:

Симпозиум 2014 жылдың 18 наурызында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің А.С.Аманжолов атындағы дәрісханада

(№ 322) сағат 14.00-де басталады.

Біздің мекен-жайымыз:Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, 317 кабинет.

Байланыс телефоны: +7 (727) 3773339 (ішкі: 1329)

e-mail: kafedra_2014@bk.ru

Жауапты хатшылар: Күзембекова Ж.Ж., Байсеитова Ж.А.

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!


11.12.13 ж. Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде сағат 15:00-де 312-аудиторияда

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шараға шақырамыз.

Ұйымдастырушылар: Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары Ж.Ж. Күзембекова, А.М. Досанова, Г. А. Борибаева және ҚФ 2 курс студенттері

ОБЪЯВЛЕНИЕ

Уважаемые студенты, магистранты, докторанты, преподаватели!

Кафедра общего языкознания и иностранной филологии факультета филологии, литературоведения и мировых языков проводит учебно-методический семинар «Методическое обеспечение реализации кредитной системы обучения в вузе».

Дата:3 декабря 2013 г. в 11.00. сразу после заседании кафедры

Место:аудитория 322 им. д.ф.н., проф. А.С. Аманжолова

Модераторы: проф. кафедры Ибраева Ж.К., старший преп. PhD, Досанова А.М., старший преп. Рыскелдиева Д.Б.

Для тех кто участвовал будет вручен сертификат.

РОМАН-ГЕРМАН ТІЛДЕРІ МЕРЕКЕСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!!!


2013 жылдың 4-желтоқсанында 312-аудиторияда сағат 16:00-де «Роман-герман тілдері» клубы аясында өткізілетін дәстүрлі «Роман-герман тілдері» мерекесіне шақырамыз!
Келем деушілерге есік ашық!

Ұйымдастырушылар: Қарағойшиева Д.А., Кузембекова Ж.Ж., Борибаева Г.А.

24.10.2013 ж.

24 қазан 2013 ж., сағат 16.00-де М. Әуезов атындағы 312 дәрісханада филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай «Ономастика шыңы» атты ғылыми-танымдық мерекелік шарасы өтті. Клуб жетекшілері, ұйымдастырушылар – филол.ғ.д., проф. Г.Б. Мәдиева мен филол.ғ.к., доцент П.Т. Медетбекова.
Мерекелік шара Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы М. Ахетов, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің басшысы Ө.Қ. Қалабай, университеттің тәрбие және тіл саясатын ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтасыз ету бөлімі маманы Б.Ш. Карикулова және Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Д. Есімова және факультет ұстаздары мен студенттерінің қатысуымен өтті.


5.11.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының жанынан құрылған «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының мүшелері 2013 жылдың қараша айына «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасымен сенбілік өткізу акциясын ұйымдастыруда.
Аталмыш шара №8 «Ардагерлер үйіне» 2013 жылдың 8 қарашасына сағат 10.00-ге жоспарлануда.
Қосыламын деушілерді күтеміз.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ

Сіздерді

«ТІЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС»

атты II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференцияуақыты:11 мамыр2012жыл.

Конференция жұмысының келесідей бағыттары жоспарланып отыр:

  • Шет тілі мәдениетаралық қарым-қатынас аясында;
  • Мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы мен практикасы және аударма мәселелері;
  • Мәдениетаралық қарым-қатынас: ұлттық және мәдени стереотиптер.

Конференцияға қатысу өтініштері мен баяндама материалдары 2012 жылдың 12 наурызына дейін kuralay.kenzhekanova@mail.ru мекенжайлары бойынша жіберілетін электронды қосымша түрінде қабылданады.

Өтініштеавтордың (-лардың)аты-жөні,ғылыми дәрежесі,атағы,қызметіжәнежұмыс орны,баяндама немесе хабарламаның аты, байланыс телефондары мен мекенжайлар, қонақүй қажет болған жағдайда, тұру мерзімі көрсетіледі.

Материалдар конференция жұмысының басталуына орай басылады.

Материал көлемі –5 бетке дейін, А 4.

Байланыс телефондары: 377-33-39,377-33-32 (ішкі аб. 1270)

Конференцияға қатысу үшін төленетін ұйымдастыру жарнасы –4000 теңге.Шет елдік қатысушылар үшін 50 АҚШ доллары. Тіркеу жарнасын аудармасыз (тікелей) немесе мына мекенжайғатекпошталық аудару бойынша: 050040, Алматы қ-сы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасы – «Қазақ тілі: әлеуметтік және психолингвистикалық зерттеулер» лабораториясы, 305а бөлме, Алдашева Қамарға төлеуге болады.

Ұйымдастыру комитетінің материалдарды таңдау құқығы бар.

МАТЕРИАЛДАРДЫ РЕСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ

  • Жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын;
  • Мәтін форматы – MS Word редакторы;
  • Шрифт – көлемі -14 пт. Times New Roman;
  • Жоларалық интервал – 1 жол;
  • Жиегі –жоғарғы және төменгі– 2 см,сол жақтан3 см,оң жақтан1 см,азат жол– 1 см.
  • Беттерді нөмірлеудің қажеті жоқ.«Тасымалдау» қызметі қолданылмайды. Мәтінді ерекшелеу үшін жуан шрифтты колданыңыз, астын сызу және әріптерді сиректеу мүмкіндігінше қажет емес;
  • Сілтемелер мәтін ішінде тік жақшалармен беріледі: [Сергеев 1996:4]. Пайдаланылған материалдар тізімі жұмыстың соңындаӘдебиетгрифімен (ортада, тыныс белгілерінсіз), алфавит бойынша беріледі.
  • Жоғарыда афтордың (-лардың) аты-жөні беріліп, олардың төменгі оң жағында ел, қала, жұмыс орны көрсетіледі.
  • Төменде тақырып бас әріптермен ортада жазылады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:Алматық-сы, Фарабидаңғылы, 71,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,БОҒ-1корпусы, 303бөлме,шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасы.

Орындаушылар:

Досыбаева Гульнара Кусаиновна – 87773385061; 87751345861.

Кенжеканова Куралай Кенжекановна – 8705578 20 69