Халықаралық Аханов оқулары- XXVI

Халықаралық Аханов оқулары- XXVI.docx

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ № 2

 

8-9 мамыр 2023 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан), Стамбұл университеті (Стамбұл, Түркия), РХДУ-дегі шет тілдері институты (Мәскеу, Ресей Федерациясы), Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты (Нүкіс, Өзбекстан), Айтматов академиясы (Лондон, Ұлыбритания), Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты (Тараз, Қазақстан), С.Д. Эрьзи атындағы Халықаралық мәдени фонд (Мәскеу, Ресей Федерациясы), Карфаген университетінің Тунис қаласы жоғары тілдер институтының "Тіл және мәдениет нысандары" ғылыми-зерттеу зертханасы (Тунис, Тунис), Самаркан мемлекеттік университетімен (Самаркан, Өзбекстан) бірлесе отырып XXVI дәстүрлі Аханов оқуларын өткізеді.

1998 жылдан бастап Халықаралық АХАНОВ ОҚУЛАРЫ дәстүрлі түрде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері (қазіргі түркология және тіл теориясы) кафедрасының базасында өткізіліп келеді. Ағымдағы жылы аталған конференция халықаралық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел аясында Стамбұл университетінің түркі тілдері мен әдебиеті кафедрасы платформасында офлайн және онлайн форматта өтеді.

Ұсынылып отырған формат тілдерді оқытудың халықаралық тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік береді, сонымен қатар қазіргі тіл біліміндегі өзекті мәселелерді талқылау, тілдерді зерттеудегі негізгі мәселелер мен олардың болашағын жан-жақты саралауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге гуманитарлық салада жаңа заман талаптарына сай ақпараттық технологияларды ұтымды пайдалана алу және шет тілдерін оқытудағы инновациялық және сандық технологиялардың рөлін зерделеуге зор мүмкіндік береді.

 

XXVI Аханов оқуларының негізгі бағыттары:

 

  1. Түркология: дәстүр мен болашағы
  2. Салғастыру мәдениеттерді түсінудің маңызды факторы ретінде
  3. Сандық педагогика және шет тілдерін оқыту әдісі
  4. Түркі тілдерін туыстас тілдер ретінде оқыту әдісі

 

Өтетін уақыты: 11.00 – 17.00 (Стамбұл уақыты)

Тіркелу уақыты: 10.00 – 10.50

 

Халықаралық дөңгелек үстелге жауапты ұйымдастырушылар:

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан 

Мәдиева Гүлмира Баянжанқызы

e-mail: gbmadiyeva.kz@gmail.com

Стамбұл университеті түркі тілдері мен әдебиеті кафедрасы, Стамбұл, Түркия

Мехмет Өлмез 

Сапашев Ораз Сапашевич

e-mail: sapashevo@gmail.com

ХДУ-дегі Шет тілдері институты, Мәскеу, Ресей Федерециясы  

Безрукова Наталья Яковлевна

e-mail: bezroukova-n@rudn.ru

Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Нүкіс, Өзбекстан  

Құттымұратова Ырысты Әбдірахмановна

e-mail: quttimuratova.1977@gmail.com

Айтматов Академиясы, Лондон, Ұлыбритания 

Абдувалиева Рахима Мусаевна

e-mail: aitmatov.academy4@gmail.com

Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, Тараз, Қазақстан

Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы

e-mail: karakoz17@mail.ru (Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы)

Карфаген университетінің Тунис қаласы жоғары тілдер институтының "Тіл және мәдениет нысандары" ғылыми-зерттеу зертханасы (Тунис, Тунис)

Хафиан Уаннес

e-mail: ouannes@yandex.ru

С.Д. Эрьзи атындағы Халықаралық мәдени фонд, Мәскеу, Ресей Федерациясы 

Бутрова Елена Владиславовна

e-mail: erzia-fond@inbox.ru

Самарқанд мемлекеттік университеті, Самарқанд, Өзбекстан 

Эшмуродова Зарифа Рахмонбердиевна 

e-mail: zarifa.eshmurodova@gmail.com

 

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: + 7 (727) 3773366 (ішкі нөмері 1329)

 

 

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ

 

Жұмыс тілдері: қазақ, түрік, орыс және ағылшын.

Пленарлы отырыстағы баяндамаларға 10-15 минут уақыт беріледі.

Дөңгелек үстелдегі секция баяндамаларына берілетін уақыт – 5 минут, сұрақтар мен жауаптарға жұмсалатын уақыт – 3 минут.

Баяндама мәтінінің (5-7 бет) мазмұны келесі элементтерді қамтуы қажет:

(1) автор(лар) аты-жөні; (2) автор(лар) ғылыми атағы, дәрежесі және жұмыс орны; (3) автор(лар) электронды мекенжайы; (4) баяндама тақырыбы (10 сөз көлемінде); (5) түйіндеме (ключевые слова); (6) мақала мәтіні. Баяндамада зерттеудің мақсаты, әдістемесі, зерттеудің немесе жобаның күтілетін нәтижесі анық сипатталуы керек.

Түйіндеме төрт тілде (қазақ, түрік, орыс, ағылшын) берілуі қажет.

Ұйымдастырушылар комитеті жиналған материалдардың ішінен мақалаларды іріктеуге құқылы. Баяндама мақалалары тақырып өзектілігі, әдістеме және теориялық база нақтылығы, сонымен қатар зерттеудің ғылыми құндылығы тұрғысынан бағаланады.

Мақаланың толық нұсқасы мен қатысушы формасы үлгіге сай толтырылып, файл түрінде «ФАЖ 2023» (мысалы, Сәрсенов 2023) тақырыбында 2023 жылдың 20 наурызына дейін келесі электронды поштаға жіберілуі тиіс: gen.linguistics@gmail.com 

Мақалалардың қабылданғандығы жөніндегі хабарлама: 2023 жылдың 25 наурызына дейін жіберіледі.

 

 

 

 

ҮЛГІ

Қатысушы формасы*

 

Автордың аты-жөні

 

Қызметі, ғылыми атағы мен дәрежесі

 

Жұмыс орнының қысқаша және толық атауы, мекенжайы

 

Қосалқы авторлардың аты-жөні

 

Қосалқы авторлардың жұмыс орнының қысқаша және толық атауы, мекенжайы

 

Мақала атауы (екі тілде: мақала тілінде және ағылшын тілінде)

 

Бағыт атауы

 

Телефон нөмірлері

 

Электронды пошта

 

**Студент, магистрант, докторант қазіргі оқу жылын көрсету керек. Мысалы, студент (магистрант, докторант) 3 курс

 

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар 

Шрифті – Times New Roman; Кегль – 12; Интервал – біреулік; Азат жол – 1 см; Өлшемі: барлық жағы – 2; Мәтіннің белгіленуі – курсив; Көлемі – 5-7 беттен кем емес; Жарияланым тілі – қазақ, түрік, орыс, ағылшын; Мақаланың басында, автор(лар) жайында мағлұмат мақала қай тілде жазылса, сол тілде беріледі.

 

Мақалаңызды келесі пункт бойынша тексеріңіз: 

 

1) МРНТИ қойыңыз;

2) жұмыс орны, дәреже, қала, мемлекетіңізді көрсетіңіз;

3) магистранттармен докторанттардың ФАТ – ғылыми жетекшісінің ФАТ;

4) түйіндеме үш тілде (қазақ, түрік, орыс, ағылшын) аудармаларымен беріледі. Фамилиясы А.Т., мақала аты.

Бір түйіндеменің көлемі – 100 сөзге дейін.

(Сөздің санын анықтайтын құрылғы: Мәтінді толық бояп – Сервис – Статистика – Сөз саны). 

Түйіндеменің аудармасы түпнұсқада болу керек, онлайн арқылы аударма қабылданбайды. 

Дұрыс аударылмаған түйіндеме қабылданбайды.

5) түйіндемеден кейін Кілт сөздер қойыңыз: 5 сөз немесе сөз тіркесі;

6) мәтінде сілтемелер тікжақшамен беріледі [1, 15], [1, 15-17] бірінші сан Әдебиеттер тізімі нөмері, екінші сан беті көрсетіледі;

7) Әдебиеттер, References-ті ГОСТ-тағыдай безендіріңіз. (Қосымшаға қ.) пробелді сақтаңыз, нүкте, сызықша (дефисті сызықшаға ауыстырыңыз); тізімде (1, 2, 3, сандарынан кейін) нүкте қойылмау керек;

8) мәтінді безендіру кезінде пробелге ерекше көңіл бөліңіз: қысқартылған аты-жөні мен фамилия арасына (Ч.Т. Айтматов); тізім мен сілтеме арасына [1, 2]; нүкте мен әдебиеттер тізімі арасына (жазылынбайтын белгілерді қоспағандағы пробелдерді тексеріңіз);

9) соңғы редакциядан кейін міндетті түрде дұрыс жазбаңызды тексеріңіз.

10) файл аты мақала жазған адамның фамилиясымен кирилл немесе латын графикасында қойылсын.

Ізгі тілекпен, 

Ұйымдастыру комитеті