Магистратура
Түрксой кафедрасы келесі мамандықтар бойынша 2 жылдық оқу мерзімімен магистранттар мен 3 жылдық оқу мерзімімен PHD докторанттарды дайындайды:
Магистратура (оқу мерзімі 1, 2 жыл):
6М020900 – Шығыстану
6М020700 - Аударма ісі
6М021000 - Шетел филологиясы
PhD –докторантура(оқу мерзімі 3 жыл )
6D020900 – Шығыстану
6D020700 – Аударма ісі
6D021000 – Шетел филологиясы
Қазіргі кезде кафедраның оқытушы-профессорлық құрамында 5- доцент, 3- филология ғылымдарының кандидаты, 1-тарих ғылымдарының кандидаты, 7-PhD, 5-аға оқытушы, 2-шетелдік оқытушы қызмет атқарады.
Түрксой кафедрасының Қазақстандағы Түркия елшілігімен, Сүлеймен Демирел атындағы университетпен, Халықаралық қазақ-түрік білім қорымен (КАТЕV), Түрік халықтарының ынтымақтастық және даму агенттігімен (ТІКА) тығыз байланысы бар. Арнайы келісім-шарт негізінде бөлім студенттері Түркияның Анкара университетіне және т.б. жоғарғы оқу орындарына тілдік стажировкаға жіберіледі.
Университетті бітіргеннен кейін студент өз қалауы бойынша Түркияның кез-келген жоғарғы оқу орнының магистратурасы мен докторантурасына оқуға түсе алады. Бұл туысқан екі елдің білім саласындағы тығыз қарым-қатынасының арқасында жүзеге асып жатқан игі істердің көрсеткіші.
Біздің бөлімді бітіруші маман бүгінгі қоғамымыз мұқтаж болып отырған аудармашыдан бастап дипломатқа дейінгі алуан қилы қызмет түрлерін атқара алады.