“ЭКСПО сағаты: болашақ энергиясы”

“ЭКСПО сағаты: болашақ энергиясы”

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  “Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ ” атты жолдауында көрсетілгендей Астана қаласында өтетін дүниежүзілік  «ЭКСПО-2017» көрмесі баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталған болып табылады. «Экспо – 2017»  дүниежүзілік көрмені өткізу Қазақстан Республикасы үшін маңызды жобалардың бірі.

         Жолдауға сәйкес, 11 сәуір күні “Информатика” мамандағының  3 курс студенттеріне  “ЭКСПО сағаты: болашақ энергиясы” атты кураторлық сағат өткізілді.

         Өткізіліп отырған іс-шараның негізгі мақсаты 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету.

         Астана қаласында 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық «Экспо – 2017» көрмесінің маңыздылығы туралы куратор  студенттерге айтып өтті. 2017 жылғы көрмеге қатысушы  мемлекеттер жаңартылатын энергия көздерін және қоршаған ортаға зиянсыз, экологиялық таза энергия көздерін қолдану саласындағы жетістіктері мен болашағы туралы айтып өтті .Көрменің символы сәуле, қуат, мөлдір. 100-ден астам елдің өкілі қатысады деп күтілуде.

         Сонымен қатар, “ЭКСПО 2017” көрмесін насихаттау үшін студенттер  кішігірім дебат жүргізіп, осы көрменің маңызды фактылерімен бөлісті. Көрнекілік ретінде  көрменің салынып жатқан басты ғимараттары және “ЭКСПО 2017” символдары көрсетілді.

 

Publication date :  4/18/2017