На кафедре Дальнего Востока отметили национальный праздник корейского народа «Чусок»

29.09.2023

Просмотров: 455

2023 жылдың 29 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасында профессор

Ли Бенг Джоның және кафедра эдвайзерлері Шатекова Г., Сермухаметова Б., Сайлаукенова Ә., Бегалиева М.

ұйымдастыруымен корей халқының ұлттық мейрамын «Чусокты» «Тұрақты даму мақсаттарының»

«Тұрақты даму жолындағы серіктестіктер» айдары аясында атап өтілді.

 Аталмыш іс-шараға Қиыр Шығыс кафедрасы, Корейтану бөлімінің 1-4курс студенттері қатысты. Мерекеміз Корейтану бөлімінің меңгерушісі Ж.А. Жаханованың құттықтау сөзімен басталып, 1 курс студенттеріне мейрам жайлы қысқаша түсінік берілді. Кейіннен студенттеріміз корей халқының ұлттық тағамы «сонпен» мен «инджольмидан» дәм татып, ұлттық киімі «ханбокты» киіп суретке түсті. Мерекенің қызығы да сол еді, студенттер үшін естен кетпес естелік, тамаша тәжірибе боларына сенімдіміз. 

            

«Чусок» корей халқының ай күнтізбесі бойынша тамыздың 15 күні бүкіл ел болып тойлайтын мейрамы. Егістің бітік шыққаны тойланатын бұл мейрам корей халқы үшін маңызы зор, әрі олардың ұлттық мәдениетінен сыр шертетін тарихы тереңде жатқан дәстүрі. Ғасырдан ғасырға аман өтіп, қазіргі күнге жеткен «Чусокты» атап өту  кафедрамыздың табалдырығын жаңа аттаған студенттеріміздің танымдық көкжиегін кеңейтетін, корей тілін терең үйренуге деген қызығушылығын арттыратын таптырмас құрал деп білеміз. 

Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушысы Сайлаукенова Ә.Е.