Поздравляем

27.01.2023

Просмотров: 497

2023 жылы 27 қаңтарда әл-Фараби атындағы атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты «6D061300 - Геоботаника» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Оразов Айдын Ерғалиұлының «Шығыс Қазақстан жағдайындағы сирек және эндем Ледебур бадамы (Amygdalus ledebouriana Schlecht.) өсімдік түрінің популяцияларының жағдайын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады. Қорғауға диссертациялық кеңестің 12 мүшелері, 2 ресми рецензент, отандық ғылыми жетекшілері биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры, б.ғ.д. Мұхитдинов Наштай Мұхитдинович және б.ғ.к., профессор Тұрыспеков Ерлан Кенесбекович. Шетелдік ғылыми жетекшісі Дебрецен университетінің профессоры, PhD Шрамко Габор (Дебрецен, Венгрия) қатысты. Қорғау сәтті өтті және диссертациялық кеңес философия докторы (PhD) дәрежесін беруге 100% бірауыздан қолдап дауыс берді. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы А.Е. Оразовты және ғылыми жетекшілерін құттықтап, толағай табыстар тілейді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz