ҚазҰУ-да Батыр Қазыбаев атындағы стипендия табысталды

01.11.2022

Просмотров: 712

"Alash Media Group" ЖШС әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің студенттері үшін Батыр Қазыбаев атындағы стипендияға конкурс жариялаған болатын.
Стипендия мақсаты – журналистика саласындағы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметін ынталандыру.

Күні кеше журналистика факультетінде өткен ғылыми отырыста "Alash Media Group" ұсынған Батыр Қазыбаев атындағы стипендия табысталды. Журналистика факультетінің 3-курс студенті Маликаждарова Алтынай Бауыржанқызы стипендия иегері атанды. Бүгінде Алтынайдың журналистика саласындағы еңбектері  республикалық басылымдар мен телеарналарда жарық көріп келеді.

 

Ең алдымен, бұл шәкіртақы мен үшін атқарылған жұмыстардың нәтижесі емес, ертеңімізге артылған маңызы зор жауапкершілік, әрі аға буынның қолдауы деп білемін. Талапты жастарға арналған мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса, студенттер өз саласында жетістікке жетуге талпынып, кәсібінде даңғыл жол ашар еді. Alash Media Group — еліміздің жетекші медихолдингтерінің бірі. Медиахолдинг құрамына кіретін Тенгринюс сайтын әлеуметтік желіде жиі оқып тұрамын. Ал өзіме қызық боп түйілген кез келген тақырыпты ғаламторға жаза қалсам, Массагеттің материалдары алғашқы орынға жайғасады. Бірақ  медиахолдингтің шәкіртақысын иелену мен үшін күтпеген жағдай болды. Шәкіртақы иеленгенімді естіген сәттен бастап мойныма ауыр жүк артылғанын іштей сезіндім, - дейді  Алтынай Маликаждарова.
 

Журналистика факультетінің атынан студентімізді жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!