"Аймақ жаңалықтарын жедел жеткізудегі жаңашылдықтар"

01.11.2022

Просмотров: 770

Күні кеше Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің, Баспасөз және Электронды БАҚ кафедрасында, "Хабар 24" телеарнасы өңірлік тілшілер департаментінің басшысы, журналист, "Әлем" бағдарламасының авторы Абдухожаева Багдат Бектургановамен онлайн түрде шеберлік сағаты өтті. 
Шеберлік сағатының тақырыбы: "Аймақ жаңалықтарын жедел жеткізудегі жаңашылдықтар" 
 
Өз сөзінің басында, студенттерге "Хабар 24" телеарнасының жаңалықтар бөлімі туралы және Қазақстанның 18 қаласындағы корпункт және 50-ден аса тілшілер арқылы жедел түрде  ақпарат алатындығында айта кетті.  
 
Қазіргі таңда қоғамның БАҚ-қа қояр талабы зор. БАҚ өкілдерінің рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, жан-жақты білімді, кәсіби құзыретті, өз ісінің маманы болуы шарт және жаңа мыңжылдықтағы ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы нәтижесінде, ғаламтор әлемдік сипатқа ие болып, таралымы мен тағылымы зор құбылысқа айналғандығы ақиқат. Заманымыздың бүкіл болмысын айқындайтын ортақ құндылық болып қалыптасты. Сөйтіп, ғаламтор қоғамдық өмірдің барлық саласына дендеп енді: саясат пен экономика, әлеумет, мәдениет пен өнер, тіпті, жұмырбасты пенденің күнделікті тұрмыс-тіршілігі де желімен тығыз байланысып, біте қайнасып кеткенін баса айтты. 
Осы сәтте бізде ақпараттық шайқастың дендеп келе жатқанын және студенттерге өз тәжірибесіне сүйене отырып, ақпараттың берілуі жайлы шолу жасады. Шеберлік сағатының соңында, студенттер көкейкесті сауалдарын қойып, пікір алмасты. 
Ең алғаш болып Кино&Медиа мамандығының студенті Бақберген Нұрай өз сауалын қойды.  
"Осыдан бес-алты жыл бұрын қоғамдық пікірді көп жағдайда газет пен телеарна қалыптастыратын. Қазір әлеуметтік желі деген бар. Осы тұста телеарнаның рөлі шетке ысырылып қалады деп қорықпайсыз ба?"-деді. 
"Сұрағыңыз қазіргі таңда өте өзекті. Десе де, біз бұл сұрақтың жауабын таптық. Заман талабына сай, қоғам сұранысымен де ақылдаса отырып, біз өз ақпараттарымызды әлеуметтік желіге де саламыз. Ол мейлі, Tik Tok, Instagram,  Facebook болсын. Тұрақты көрермендіріміз де өз пікірлерін ашық түрде жазады". 
 
Мылтықсыз майдан жүріп жатқан қазіргі заманда «Ақпарат кімнің қолында болса, сол әлемді билейді» деген қағида рас екеніне студенттер тағы да көз жеткізді деп ойлаймын. Шер атамыздың тілімен айтқанда,  жегені жантақ, арқалағаны алтын, бір кем дүниесі өз басынан бір төбе екеніне бір сәт куә болдық. 
 
 
Бақберген НҰРАЙ
Кино&Медиа мамандығының 1 курс студенті 
Жетекшісі: аға оқытушы, куратор Н.Б.Рушанова