Түркі Дүниесі Деректі фильм ұйымдастырушылары ҚазҰУ журналистика факультетінде бас қосты!

26.10.2022

Просмотров: 826

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде Түркі Дүниесі Деректі фильм фестивалін ұйымдастыру алқасы кездесу ұйымдастырды. Бұл кездесудің негізгі мақсаты Түрік әлемінің өнер және медиа саласында ынтымақтастық орнату болып табылады. Бұл жолғы кездесудің ашылу рәсімін факультет деканы Нұржан Қуантайұлы алғы сөзбен бастап, Түркия елінен келген қонақтарды ізгі ықыласпен қарсы алды.

 

Түркі Дүниесі  Журналистер Федерациясының президенті, Түркі Дүниесі  деректі фильмдер фестивалінің ұйымдастыру комитетінің төрағасы Мендерес Демир; Түркия Журналистер Федерациясының президенті, Түркі Дүниесі деректі фильмдер фестивалі  комитетінің  құрметті мүшесі Йылмаз Каража, Баспасөз қорының вице-президенті Оғужан Байрақ журналистика факультетінің құрметті қонақтары болды. Биылғы жылғы деректі фильм фестивалінде, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің Баспасөз және Электронды Бақ кафедрасының аға оқытушысы Эрджиес университетінің докторанты Нұрлан Наурызалиевтің  «Үш ішек» деректі фильмі финалистер қатарына еніп, алғыс хатпен марапатталды. Бұл кездесу болашақта кино және журналистика саласында білім алып жатқан жас мамандарға сапалы тәжірибе алуға мүмкіндіктер беруге әрекет ететіндігін атап өтті.

 

 

Тұлпар ЖӘНІБЕКҚЫЗЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика факультеті

Баспасөз және Электронды Бақ кафедрасының оқытушысы