Час добропорядочности

«Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» тақырыбындағы парасат сағатына Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі де Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қашықтықтан тәрбие сағаттарын өткізді. Бұған дейін де оқу жылының басында колледжімізде де Абайдың қара сөздерін оқудан эстафета да өткізілген. Колледж оқытушыларының тәрбие сағаттарын өткізудегі мақсаты - жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіруде жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арнау болды. Сонымен бірге колледждің оқытушылар қауымы білім алушыларға Абайдың шығармаларына зер салуға, оның «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынына, Абайша айтқанда «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет.


Преподаватель казахского языка и литературы колледжа КазНУ им.

аль –Фараби Әсембаева Алтын Шакержанқызы

 

 

 

 

 

Дата публикации:  20.05.2020