Дистанционное обучение-освоение новых программ

Баршаныңызга сәлем. Барлықтарыңыз білетіндей, коронавирус індетінің таралуына байланысты, еліміздің барлық оқу орындары қашықтықтан оқуға көшкен болатын. Біз қашықтықтан оқуға байланысты көптеген бағдарламалармен таныстық, олар Универ жүйесі, Zoom жене Microsoft teams.

Қазіргі таңда біздің колледжімізде Microsoft teams қашықтықтан оқу бағдарламасы арқылы оқу үдерісі жүріп жатыр. Бұл бағдарламада сабақ оқуға барлық мүмкіндіктер жасалған және де осы бағдарлама арқылы еліміздің өзге де аймақтарында тұратын студенттеріміз үй тапсырмаларын еш қиындықсыз тапсыруда.

Қашықтықтан оқыту, қазіргі жағдайда оқу орындарына тиімді болып отыр, өйткені коронавирус індетінің таралуын алдын алады деген ойдамын.

Бірақ қашықтан оқудың кемшіліктері де бар, себебі қашықтықтан оқу бағдарламаларының барлығы интернет арқылы жұмыс істейді. Ал еліміздің барлық жерлерінде интернет желісі бірдей қамтылмаған, сондықтан да студенттердің көпшілігіне, былай оқу ыңғайлы деп айта алмаймын. Дегенмен, еліміздегі жағдайды ескеріп, студенттерге және оқытушыларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Қазіргі таңда, барлық студеттер үйде отырғандыктан, бос уақыттарын құр бекерге өткізбеу үшін, біз колледжіміздің студенттерімен және де өзге де колледждердің студенттерімен "bizbirgemiz" хэштегімен флешмоп өткіздік.

Осынау қиын қыстау кезеңде біз бір-бірімізді қолдауымыз қажет!

Бүкіл төрткүл дүниені шарлаған “КОРОНОВИРУС” індетінен бірге қорғануымыз қажет! Өздеріңіз білесіздер, жаһандық індет ушығып барады!

Вирустың таралу жылдамдығы бәсеңдемей отыр. Әлем елдері індетпен барынша күресуде! Антисептик, маска т.б медициналық заттарды қолдану арқылы тек өз денсаулығымызды ғана емес басқалардың да денсаулығына өз пайдамызды тигіземіз!

Дәл қазіргі таңда біздің қолымыздан келетіні тек үйде отырып өз денсаулығымызды сақтау және індеттің таралуына жол бермеу!

#Бізбіргеміз #Үйдеболыңыз

Президент организации студенческого самоуправления колледжа КазНУ им. аль –Фараби Мәкбай Арман Мұратұлы


 

Дата публикации:  21.04.2020