Дистанционное обучение-требование времени

Бүкіл дүние жүзіне тарала бастаған коронавирус инфекциясына байланысты біздің Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі де сабақты қашықтықтан оқытуға көшті. Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқаратын, ал еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кірді.  Колледж директоры Р.О Нурканованың басшылық етуімен осындай жұмысты жүргізу барысында компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру мақсатында колледждің әкімшілігі күнделікті әр оқытушымен телефон және әлеуметтік желі арқылы байланыса отырып, оқу-әдістемелік материалдарға қосымша қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасып, бағыт – бағдар беріп отыр. Әрине, бастапқы кезде Алматы қаласынан алыс аймақта, яғни интернет жүйесі нашар істейтін елді мекендерде тұратын студенттеріміздің қашықтықтан оқуға мүмкіндігі болмай қалған кездері де болды, бірақ көш жүре түзеледі дегендей қазіргі уақытта қашықтықтан сабаққа қатысу қалыпқа түсіп келеді.

Қашықтықтан оқыту барысында оқытушылар колледж білім алушыларымен барлық әлеуметтік желілер: атап айтқанда электронды пошта, WathsApp, Microsoft Teams, Zoominstaller, Telegram, ҚазҰУ Универ жүйесі арқылы Дистанционные курсы желілерін пайдалана отырып сабақ өткізуде.

Колледж оқытушылары оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде өз сабақ кестелеріне сай, сабақтарын уақытында өткізіп, ал қосымша көмек керек болған студенттер қай кезде де оқытушымен телефон және әлеуметтік желі арқылы хабарласып көмек алып отырады. Осы жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту кезінде кураторлар колледж студенттерінің ата – аналарымен де үздіксіз хабарласып, студенттің сабаққа қатысуын қадағалап отырады.   

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Қашан да оқытушыға әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүктелген, ал уақыт талабына сай қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындауы шарт. Біздің колледж оқытушыларын қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, заман талабына сай білім саласындағы қызметкерлер деп айтуға толық болады.

Преподаватель казахского языка и литературы колледжа КазНУ им.

аль –Фараби Әсембаева Алтын Шакержанқызы

 


Дата публикации:  21.04.2020