Магистратура

Мамандық шифры:

7M02326

Мамандығы:

Цифрлық қазақ тілі

Факультеті:

Филология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - филология ғылымдары магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 Ғылым тарихы мен философия, психология, педагогиканың іргелі теориялық мәселелерін, практикалық тәжірибелерін кәсіби салада пайдалану.
ОН2 Шет тілін ғылыми-зерттеу жұмыстарында,
кәсіби қызметінде, қатысымда қолдану.
ОН3 Мәтін талдаудың әдістері мен технологияларын пайдалана отырып, графематикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, семантикалық компьютерлік талдау түрлеріне автоматты түрде сараптама жасау.
ОН4 Мәтінді зерттеудің принциптері мен аспектілерін, мәтін теориясының негізгі мәселелерін, оны зерттеудің ғылыми бағыттарын (психолингвистикалық, прагматикалық, деривациялық, когнитивтік және т.б.), мәтіннің жанрлық және сөйлеу құрылымын зерттеу.
ОН5 Сөз таптарының морфологиялық құрылымдарын автоматты талдау мен оларға белгіленімдер қоюда кездесетін негізгі мәселелерге лингвистикалық сараптама жасау.
ОН6 Инновациялық электронды тілдік ресурстарға (мәтін корпусы, сөздіктер, лексикалық, терминологиялық деректер қоры) аналитикалық, статистикалық зерттеу жүргізу.
ОН7 Тілдік дерек, корпустардың, табиғи тілді автоматты өңдеу үшін қолданылатын жүйелердің сапасын талдау.
ОН8 Компьютерлік лексикография, электрондық сөздік түрлерін, ерекшеліктерін және оның даму бағыттарын бағалау.
ОН9 Түрлі мақсатқа сай электронды сөздік, глоссарий, тезаурус, энциклопедия және анықтамалықтар құрастыру.
ОН10 Машиналық аударма жүйелері мен мәтінді өңдеу бағдарламаларының көмегімен жобалық міндеттерді шешу.
ОН11 Онлайн курс жасауға арналған кәсіби мақсаттағы бағдарламаларды цифрлық технологиялар көмегімен жүзеге асыру.
ОН12 Цифрлық технологиялардың көмегімен қазақ тілін оқытудағы теориялық және әдіснамалық мәселелерді зерттеп, ғылыми айналымға енгізу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген