Магистратура

Мамандық шифры:

7M07124

Мамандығы:

Күн энергетикасы

Факультеті:

Физика-техникалық

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1. Тиімді фотоэлектрлік жүйелерді әзірлеу мақсатында тұрмыстық және коммерциялық пайдалану үшін, сондай-ақ қоршаған ортаға әсер ету тұрғысынан күн элементтерін қолданудың артықшылықтарын анықтау;
ON2. Фотоэлектрлік элементтердің, күн жылу станцияларының негізгі сипаттамаларын және электр энергиясын түрлендіру мен жинақтаудың физикалық негіздерін түсіндіру, оларды кеңінен енгізу мен пайдаланудың перспективаларын талдау үшін;
ON3. Күн жылуымен жабдықтау жүйелерінің, энергияны сақтау және тасымалдау жүйелерінің тиімділігін олардың параметрлері мен пайдалану режимдерін оңтайландыру мақсатында моделдеу және есептеу жүргізу;
ON4. Күн энергетикасы мен жылу жүйелері саласында зерттеулер жүргізу, энергия жүйелерінің негізгі энергетикалық, күштік және электротехникалық параметрлерін өлшеу үшін техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын, сондай-ақ жабдықтарды тестілеу және диагностикалау дағдыларын меңгеру;
ON5. Электрондық басқару блогын, электрлік қондырғыларды, энергия сақтау құрылғыларын, күн қадағалау жүйелерін, күн концентраторлары мен электр станцияларының компоненттерін есептеу және жобалау үшін, сондай-ақ фотоэлектрлік қондырғылардың шығу қуатын болжау үшін бастапқы деректермен жұмыс істеуге ғылыми және жүйелік тәсілді қолдану;
ON6. Күн энергиясын шығару және фотоэлектрлік жүйелерде энергияны өндірумен, болжаммен, энергияны берумен және пайдаланумен байланысты күрделі инженерлік есептерді шешу үшін жүйелі және инженерлік әдістерді қолдану;
ON7. Smart Grid қазіргі заманғы тұжырымдамасына сәйкес келетін энергетикалық жүйелер құру үшін зияткерлік технологияларды қолдана отырып, күн энергиясына негізделген электр энергиясын қабылдау және тасымалдаудың автоматтандырылған жүйелерін жасау;
ON8. Фотоэлектрлік түрлендіргіштер үшін әртүрлі материалдарды бағалау және тиімді фотодетекторларды жасау үшін күн қабылдағыштарды жасау технологиясын талдау;
ON9. Күрделі автоматтандырылған жоғары тиімді жүйелерді жобалау мақсатында , күн энергиясының шоғырлануын бақылаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, энергетикалық жүйелердің шығу қуатын, олардың техникалық параметрлері мен сипаттамаларын модельдеу және есептеу;
ON10. Заманауи фотоэлектрлік түрлендіргіштер негізінде күн жүйелерін, күн концентраторларын, күн жылуымен жабдықтау жүйелерін және электр энергиясын сақтау жүйелерін қолдана отырып, автономды зияткерлік бақылау және басқару жүйелерін жобалау дағдыларын жүйелеу;
ON11. Дәстүрлі энергия жүйелерімен қатар жаңартылатын энергия көздерін кеңінен енгізу мақсатында автоматтандырылған зияткерлік фотоэлектрлік және күн жылу энергетикалық жүйелерін, сондай-ақ гибридтік жүйелерді жобалау технологияларын игеру;
ON12. Белсенді дүниетанымдық және азаматтық ұстанымды қалыптастыру, жаңартылатын энергетика саласындағы әлемдік ғылыми және технологиялық жетістіктерге талдау жасау, оның ішінде шет тілінде, педагогикалық және кәсіптік қызметте тұлғаға бағдарланған көзқарасты қолдану, сонымен қатар болашақта жеке және кәсіби дамудың бағыттарын анықтау ғылыми негіздер;
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген