Магистратура

Мамандық шифры:

7M05318

Мамандығы:

Химиялық физика (ҰЗЯУ "МИФИ")

Факультеті:

Химия және химиялық технология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Магистранттар бұл бағдарламаны аяқтағаннан кейін мыналарды орындай алады:
1. Химиялық кинетиканың негізгі ұғымдары мен ережелерін, химиялық реакциялар кинетикасын зерттеудің эксперименттік әдістерін және эксперименттік мәліметтерді талдау әдістерін түсіндіріп беру;
2. Химиялық реакциялар кинетикасы, диффузия және жылу беру теориясы, жану және жарылыс үдерісіндегі химиялық термодинамиканың ережелері мен наноматериалдардың синтезі туралы жүйелі білім қалыптастыру;
3. Термиялық ыдырау, жану, жарылыс және детонация үдерісіндегі заттар мен жүйелердің жылдам жүретін химиялық және физика-химиялық өзгерулерін жіктеу;
4. Ғылыми-инновациялық және инженерлік-техноло-гиялық қызметке теориялық және экспериментальды зерттеу, физикалық және химиялық үдерістерді модельдеу әдістерін қолдану;
5. Сандық сауаттылықты көтеру үшін ақпараттық және коммуникациялық технологияларды күнделікті және кәсіби қызметте қолдану және ақпараттарды қабылдау, сақтау және өңдеу үшін ғаламдық компьютерлік желілерде жұмыс істеу дағдыларын игеру;
6. Технологиялық үдерістерді оңтайландыру үшін әр түрлі жүйелердегі химиялық үдерістер кинетикасына сыртқы әсерлердің әсер ету заңдылықтарын бағалау;
7. Материалдық қасиеттерді синтездеу және модификациялау үдерістерін модернизациялауға мүмкіндік беретін химиялық физика әдістерін қолданудың тиімді бағыттарын таңдау;
8. Химиялық физика саласындағы теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін жазу және өңдеу әдістерін таңдауды негіздеу;
9. Химиялық физика саласындағы ғылыми және кәсіптік білімдерді жоғары оқу орнының оқу үрдісінің практикасына, оның ішінде қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері тұрғысынан біріктіру;
10. Үздіксіз білім алу және өздігінен білім алу дағдыларын, жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделері үшін шығармашылық әлеуетін барынша тиімді пайдалану қабілетін дамыту;
11. Білімнің соңғы салаларында, кәсіби қызметтің және қоғамдық өмірдің маңызды салаларында өзін-өзі жүзеге асыруға кең мүмкіндіктер беретін кәсіби және жеке қасиеттерді тәжірибеде қолдану;
12. Әлеуметтік және этикалық міндеттемелерді өздігінен қабылдауға, ұжымдардың, орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген