Магистратура

Мамандық шифры:

7M05319

Мамандығы:

Химиялық материалтану (ММУ)

Факультеті:

Химия және химиялық технология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Осы білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін магистрлер қабілетті болады деп күтілуде:
1. Химиялық материалтанудың ғылыми білімнің жалпы жүйесіндегі (нысандар, қасиеттер, құрылымдар, алу және талдау әдістері, алу технологиялары, материалдардың қасиеттерін болжау және модельдеу әдістері) қазіргі жай-күйін көрсететін және осы саладағы білім беру технологиясына қатысты жаңа ғылыми теориялар мен концепцияларды түсіндіру;
2. Материалдардың қасиеттері, оларды алу технологиялары туралы мәліметтерді қазіргі заманғы алдыңғы қатардағы ғылыми әдебиеттердің, оның ішінде халақаралық библиографиялық, реферативтік, мерзімді ақпарат көздерінде индекстенетін мәліметтердің негізінде, ғылыми білім алудың методологиясы мен философиясына сәйкес жүйелендіру;
3. Заманауи материал тану, сынау құрылғыларын материалдарды талдау мен сынаудың күрделі мәселелерін шешу үшін, сонымен қатар компьютерлік технологияларды мәліметтерді талдау, модельдеу және өңдеу үшін қолдану;
4. Материалдардың химиялық құрамының, құрылымының және қажетті қасиеттерінің өзара байланысын жүйелей отырып, олардың қасиеттерін қолданбалы мақсатқа сәйкес реттеу мен өңдеу жолдарын ұсыну;
5. Химиялық материалтану саласындағы ғылымның жетістіктерін ескере отырып, материалдардың құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерін талдау әдістерін жетілдіру;
6. Материалдарды, оларды өндіру үрдістерін, өңдеу және қолдану барысында жоспарлау мен кешенді сынақтардан өткізуді жоспарлау және іске асыру;
7. Қазіргі заманғы материалтанудың ғылым мен өндірістегі өзекті мәселелерін ғылымның, мәліметтер базаларының және ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы шешу;
8. Жаңа конструкциялық, бейорганикалық, биобейорганикалық, наноөлшемдік және басқа болашағы зор материалдарды алу жолдарын жетілдіру;
9. Жоғары және арнайы орта білім беру жүйесінде химиялық материалтану бойынша оқу үрдісін заманауи білім беру технологияларын,оқыту әдіснамаларын және басқару психологиясын қолдана отырып, іске асыру;
10. Химиялық материалдарды алу және зерттеу бойынша ғылыми зерттеулерге, білім беру және өндірістік процестерге инновациялық технологияларды енгізуге ұсыныстар жасау;
11. Химиялық материалтану теориясы мен тәжірибесінің жаңа жетістіктерін өз әзірлемелеріне қолдану үшін сыни бағалау;
12. Адам және ұжым психологиясы бойынша білімді және ғылым мен білім туралы ҚР заңдарын пайдалана отырып, өзгермелі еңбек жағдайында командалар мен еңбек ұжымдарын құру және басқару.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген