Магистратура

Мамандық шифры:

7M07503

Мамандығы:

Метрология

Факультеті:

Физика-техникалық

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
кәсіби қызметте бірлескен ғылыми жұмыстарды орындау кезінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын көрсету;
- физикалық құбылыстарды және оларға сәйкес келетін теориялық модельдерді жіктеу және анықтау, эксперимент жүргізу әдістемесін меңгеру, жылуэнергетикадағы, криотехнологиядағы, экологиядағы физикалық процестерді метрологиялық тұрғыдан сипаттау және кәсіптік қызметтің сәйкес саласында метрологиялық қамтамасыз ету мәселелерін қалыптастыру;
- бірлескен мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді іске асыру үшін нақты физикалық проблемаларға қатысты өз көзқарасын дәлелді қорғау;
- ғылыми таным теориясы мен әдіснамасын, сондай-ақ ғылыми зерттеудің негізгі әдістерін қолдану;
- метрология саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, жаңа ғылыми білімді алу, қолдану үшін зерттеу іскерліктері мен дағдыларын қолдану;
- ғылыми мақалаларды, тезистер мен баяндамаларды талдау және жазу дағдысының болуы; күрделі және күтпеген жағдайларда туындайтын мәселелерді талқылау, өз бетінше кәсіби тұрақты дамуға қабілетті болу; алынған нәтижелерді есептер, жарияланымдар, баяндамалар түрінде баяндай білу;
- қателікті азайту және өлшеудің қажетті дәлдігіне қол жеткізу мақсатында техникалық міндеттерді шешу үшін өлшеуіш құрылғылардың техникалық құжаттамасын және бірегей ғылыми әдебиетті пайдалана отырып, эксперименталды деректердің негізгі сипаттамаларын өлшеуді жүргізу;
- метрологиядағы ғылыми-зерттеу және есептеу-талдау қызметінде заманауи ақпараттық - коммуникациялық технологияларды, ғаламдық ақпараттық ресурстарды пайдалану;
- нақты өлшеу есептерін шешу үшін өлшеу құралдарын таңдау, өлшеу экспериментін бақылау нәтижелерін өңдеу кезінде метрологиялық есептерді орындау, өлшеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын қолдану;
- ғылыми зерттеулерді, оның ішінде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ұйымдастыру;
- өлшеу бірлігін қолдауға бағытталған метрологиялық қамтамасыз ету, метрологиялық бақылау және қадағалау, өнімнің (қызметтің) жоғары сапасы мен қауіпсіздігін, пайдалану және қауіпсіздік талаптарын сақтау кезінде сапаны басқарудың қазіргі заманғы әдістері негізінде өндірушілер мен тұтынушылар үшін жоғары экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету бойынша қажетті құжаттаманы әзірлеу;
- ғылыми және зерттеу қызметінің негізгі талаптарын өз мүдделері мен қоғамдық және этикалық құндылықтарымен, сондай-ақ коммуникативтік саладағы команданың мүдделерімен арақатынасын анықтау, кәсіби құзыреттіліктің тілдік параметрлерін еркін меңгеру, шешімдер әзірлеу және оларды жүзеге асыруға қатысу, жеке мүдделердің өндіріс пен қоғам қажеттіліктерімен ұштасуын көрсету.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген