Магистратура

Мамандық шифры:

7M07106

Мамандығы:

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Факультеті:

Химия және химиялық технология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1.Зерттеу контекстінің аясында органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясының заманауи жетістіктерін интерпретациялау;
2.Жоғары мектептегі педагогикалық қызметіне органикалық заттардың химиялық технологиясы саласындағы ғылыми-кәсіби білімдерін интеграциялау;
3.Жаңа технлологияларды ұсыну үшін органикалық заттар мен материалдарды жасау саласындағы заманауи концепциялар мен теорияларды қолдану;
4.Табиғи және синтетикалық көмірсутек органикалық шикізаты негізінде химиялық өндірісі үшін қондырғыларды таңдау және техникалық пен жобалау-конструкторлық құжаттарды құрастыру кезіндегі химия-технологиялық процестердің инженерлік есептеулерін жүргізу;
5.Органикалық және биоорганикалық, өсімдік шикізатын өңдеу, биологиялық белсенді заттарды бөліп алу, мембраналар мен полимер-гибридті материалдардың полимеризациясы мен поликонденсациясы, коллоидты жүйелердің және биодисперсиялардың құрылым түзуі химиялық процестерінің жүруімен байланысты, күтілетін нәтижелерді алуға бағытталған өзіндік ғылыми зерттеулердің жоспарын жасау;
6.Өзіндік зерттеулерді жүргізу үшін химия-биологиялық, технологиялық ғылымдары мен материалтану саласындағы дәстүрлі және заманауи физика-химиялық, хроматографиялық, микроскопиялық әдістерді, зерттеу және талдау аппараттарды қолдану;
7.Бастапқы синтетикалық және табиғи шикізаттың сапасына, фармацевтикалық, ауыл шаруашылықтық және тұрмыстық маңызы бар органикалық химия өндірісінің дайын өніміне, арнайы полимерлік және композициялық материалдарға қатысты технологиялық және нормативті құжаттар дайындау мақсатымен алынған ғылыми нәтижелерді талдау;
8.Органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы саласындағы іргелі заманауи білімдер мен әдістемелерді жоғары мектепте қолдану;
9.Органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы саласындағы білімдерді химия-технологиялық процестерді, шикізат пен органикалық табиғатты өнімдерді талдаудың инновациялық жолдары мен түпнұсқалы ой-пікірді ұсынуды жүргізу үшін күрделі ғылыми-кәсіби сұрақтардың шешіміне интеграциялау;
10.Таңдалған органикалық қосылыстардың химиялық технологиясы саласындағы өзіндік ғылыми-зерттеу нәтижелері мен материалдарын мақала, ғылыми жоба, баяндама, диссертация түрінде көрсету;
11.Химиялық технологияның заманауи жетістіктері мен жоғары оқу педагогикасының талабы негізінде органикалық заттар мен материалдар химиялық технологиясы саласында оқу курсын жасау;
12.Кәсіби өсу, жаңа зерттеу әдістеріне өзіндік үйрену, әлеуметтік және кәсіби мәселелерді творчествалық және стандартты емес көзқарасымен шешуге, кәсіби қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік профилін өзгертуге қабілеттілігін көрсету
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген