Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D01705

Мамандығы:

Шетел тілі: екі шетел тілі

Факультеті:

Филология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1
Жоғары оқу орнында алған теориялық және практикалық білімі негізінде «Ми шабуылы», «Киплинг әдісі» және басқа да қазіргі таңдағы жаңаша әдіс-тәсілдерді, инновациялық озық технологияларды пайдалана отырып, шет тілі пәні бойынша ақпараттық, танымдық тұрғыдан пайдалы әрі оқушылар үшін қызықты жоғары дәрежедегі практикалық сабақтарды ұйымдастыру және жүргізу.
ON2
Педагогика және психология негіздеріне сүйене отырып, сабақтарды ұйымдастыру талаптарына сәйкес білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттері көрсетілген жылдық жоспар, сабақ жоспар, тәрбие жоспарын құрастыру.
ON3
Ағылшын және неміс/француз/қытай тілдері бойынша оқу материалдарын дайындау, атап айтқанда, қазіргі заман контексіне сай келетін мәтіндер, мәтіндерге сұрақтар, жаттығулар әзірлеу, тест сұрақтары, әдебиеттер тізімі, емтиханға немесе бақылау жұмыстарына қажетті материалдарды құрастыру, сабақта пайдаланатын қосымша материалдарды дайындау: видероликтер, аудиотаспалар, сөздіктер, үйде оқитын кітаптар тізімі қорын жасау.
ON4
Шеттілді білім беру әдістемесі негізінде, шет тілдерін үйренудегі жас ерекшелік психологиясы негізінде, үйренушілердің қабілеті мен білігін ескеріп, А1, А2, В1, В2, С1, С2 деңгейлерін анықтау критерийлерін жасап, топтарға бөліп оқыту.
ON5
Оқушылардың білімін шет тілдерін меңгеру деңгейіне қарай, берілген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуына сәйкес, ағымдық, бақылау жұмыстары мен емтихан тапсырмаларын бағалау инструментін құрастыру.
ON6
Оқушыларды қандай да бір проблеманы шешу жолдарын оңтайлы қарастыруға үйрететін, оқылған нәрсенің барлығына сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін және бағалау қабілеттерін қалыптастыратын жұмыстың түрлерін ойлап табу.
ON7
Жас балаларға шет тілін тиімді оқыту жолдарын құрастыру, ойын түрлерін ойлап табу, рөлге бөліп ойнайтын ойын мәтіндерін шет тілінде құрастыру, шет тіліндегі балалар тіліне сәйкес келетін әндер мен өлең жолдарын дұрыс таңдау, ұсынылатын мультфильмдерді сұрыптау, интернет жүйесінен шет тілін үйрететін сапалы сайттарды ұсыну, оқушыларға ақпаратты дұрыс әрі тиімді іздеу жолдарын үйрету.
ON8
IELTS, TOEFL, DAAD, DALF cертификаттарын алу үшін дайындайтын курстар үшін жеке бағдарламалар құрастыру, оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу дағдыларын меңгерту бойынша материалдар дайындау.
ON9
Мектептермен тығыз байланыс орнату, білім беруді басқару және ұйымдастыру тәсілдерін қолдана отырып, білім беру мекемелерімен интеграциялық, концептуалдық, стратегиялық жұмыс жоспарын құрастыру.
ON10
Әртүрлі мекемелер мен ұйымдарда ағылшын және неміс/француз/қытай тілдерінде іс қағаздарын жүргізу, іскери хаттарға, кіріс-шығыс құжаттарына жауап беру және құрастыру, шақыру хаттарын жасау, шет тілінде келісімшарт мәтіндерін құрастыру.
ON11
Word, Exel, PowerPoint және басқа компьютерлік программаларды қолдана білу, презентация, слайдтарды шет тілінде сауатты құрастыру, интерактивті тақталарды пайдаланып, сабақтарды тиімді ұйымдастыру, шет тілін үйрететін компьютерлік программаларды қолдана білу.
ON12
Жеке қасиеттері мен қабілеттерін көрсету, әріптестерімен және басшылықпен кәсіби қарым-қатынас орнату, аналитикалық ойлау, шығармашылық бағдар, өз бетінше іздену, оқу, әрдайым кәсіби деңгейін, білімін, біліктілігін, мәдениетін ұдайы көтеру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген