Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B02207

Мамандығы:

Шығыстану

Факультеті:

Шығыстану

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - гуманитарлық білім бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Осы білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін, студенттер қабілетті болады деп күтіледі:
ON1) Шығыс елдерінде болып жатқан құбылыстар мен үрдістерге түсініктеме беру үшін шығыстану саласындағы негізгі заманауи тұжырымдамаларды қолдана алады;
ON2) оқитын ел бойынша шығыстану саласына қатысты әдебиеттерге, ақпараттық материалдарға сараптамалық шолу дайындай алады;
ON3) Шығыс елдерінің әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени даму ерекшелігін анықтай алады;
ON4) оқитын Шығыс елінің тілінде іскерлік және кәсіби деңгейде ауызша және жазбаша коммуникацияны жүзеге асырып, аударманың негізгі тәсілдерін қолдана алады;
ON5) шығыс және батыс тілдерінде қабылданған стандартты дипломатиялық құжаттарды (меморандумдар, ноталар, естелік жазбалар, ресми хаттар) жүйелеп, құрастыра алады;
ON6) шығыс тіліндегі арнайы және энциклопедиялық әдебиеттен қажетті
мәліметтерді жинақтап және жүйелеп, оларға интерпретация жасай алады;
ON7) Шығыс елдерімен байланыс орнатқан мемлекеттік басқару органдары, қоғамдық және коммерциялық ұйымдар арасындағы жүзеге асырылатын әлеуметтік және мәдени жобаларды, даму жоспарлары мен бағдарламаларын дайындау жұмысын ұйымдастырады;
ON8) шығыстану саласындағы зерттеулер шеңберінде игерілген ғылыми тәсілдерді, тұжырымдамалар мен әдістерді салыстыра отырып, кәсіби қызметтте қолдана алады;
ON9) фактілер мен құбылыстарды жіктеу және интерпретациялау арқылы ғылыми эссе, рефераттар, аннотациялар жазып, шолулар жасай алады;
ON10) кәсіби сөйлеу мәдениеті мен лексиканы игергендігін, кәсіби тақырыпта ғылыми пікірталастарға қатысуға дайындығын көрсете алады;
ON11) мәдени, тарихи, әдеби және лингвистикалық зерттеулерде пәнаралық зерттеулердің кешенді техникалық дағдыларын көрсете алады;
ON12) ауызша және жазбаша қарым-қатынас процесінде көптілді коммуникаторлардың әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарын толерантты түрде қабылдай отырып, олардың мінез-құлқы мен менталитетінің ерекшеліктерін, мәдениетаралық коммуникацияның негіздері мен базалық ұғымдарды көпшілік арасында тарата алады.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген