Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B07114

Мамандығы:

Ядролық инженерия

Факультеті:

Физика-техникалық

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технология бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ОН1 – Бітіруші жазбаша және бейресми қарым-қатынас пен баяндамаларды мемлекеттік қазақ тілінде, орыс тілінде, мүмкін ағылшын тілінде жүргізе алады.
ОН2 – Бітірушінің ойлау мәдениеті қалыптасады, ақпаратты жалпылау, талдау, қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау, өзінің күшті және әлсіз жақтарын сыни тұрғыдан бағалай білу, күшті жағын дамытып, әлсіз жақтарымен күресу жолдарын таба білу.
ОН3 – Бітіруші өзінің кәсіби біліктілігі саласында өз бетінше де, әріптестерімен бірге де тиімді жұмыс істеуге дайын болады және мансап жолында кәсіби дамуға ұдайы ұмтылып отыратын болады.
ОН4 – Бітіруші кәсіби қызметінде жаратылыстану ғылымының негізгі заңдылықтарын қолдана алауымен қатар, математикалық талдау және модельдеу әдістерін, теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдана алады.
ОН5 – Бітірушінің жаратылыстану ғылымдарының, соның ішінде жалпы классикалық физика, химия, атом және ядролық физиканың негізгі заңдылықтары туралы түсінігі қалыптасады.
ОН6 – Бітірушілер стандартты компьютерлік код пакеттерін біледі, жобалау мен талдауға арналған, сондай-ақ ақпаратар және мәліметтерді сақтауға, өңдеуге арналған стандартты әдістерді және компьютерлік кодтарды қолдана алады.
ОН7 – Бітірушіде ядролық реакторлар, иондаушы сәулелердің адамға және қоршаған ортаға радиациялық әсері, ядролық физика саласындағы құбылыстар мен заңдылықтарды эксперименттік және теориялық зерттеудің математикалық моделі, қоршаған ортаның экологиялық мониторингі туралы, ядролық материалдар, атом өнеркәсібі және энергетика саласының объектілері мен қондырғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы түсініктерді қалыптасады.
ОН8 – Бітіруші ядролық реактордың элементтерінде болып жатқан процестерді физикалық, математикалық және сандық модельдеуді жүзеге асыра алады, сондай-ақ ядролық инженерия саласында теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізе алады.
ОН9 – Бітірушілерде ядролық реакторлардың материалдары және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері, ядролық және физикалық қондырғылардың заманауи электрондық схемалары, ядролық физика қондырғыларын автоматтандырылған басқару, құрылғыларды әзірлеу және пайдалану технологиясы туралы түсінік қалыптасады.
ОН10 – Бітірушінің бойында қауіпсіздік жауапкершілігі және қауіпсіздік мәдениеті қалыптасады, соның ішінде, қауіп-қатерге талдау жасау және оны басқару, адам факторлары, адам-машина әрекеттесуі туралы түсінік қалыптасады.
ОН11 – Бітіруші атом электр станцияларының немесе басқа атомдық қондырғылардың негізгі жүйелері мен құрамдас бөліктерін есептеу, жобалау процесіне қатыса алады, сондай-ақ ядролық қондырғыларды ретке келтіру процесін түсінеді.
ОН12 – Бітіруші атом электр станциялары мен атом қондырғыларын лицензиялаудағы және пайдалануға берудегі ұйымдастыру процесі мен басқарушы органның рөлін түсінеді.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген