Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B02313

Мамандығы:

Қолданбалы қазақ тіл білімі

Факультеті:

Филология

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - тіл білімі бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 Қазіргі кездегі әл-Фараби мен Абай еңбектерінің негізінде қалыптасқан дүниетанымдық, әлеуметтік-этикалық ұстанымдарын білдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық, өмірдің әртүрлі салаларындағы іскерлік, бәсекеге қабілеттілік, сыни ойлау, шығармашылық бастама, топта жұмыс істей білу дағдыларын қолдану.
ON2 Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен сөз жүйесі, сөз құрылымы, сөйлем жүйесі, атаужасам, сөз мәдениеті, тіл тарихы, қазақ әдеби тілі, көркем әдебиеттегі ұлттық құндылықтар мәселелері жайлы базалық білім қалыптастыру.
ON3 Қазақ тіл білімі салаларының практикумы негізінде мәтіндерге диахрониялық және синхрониялық аспектіде түрлі талдаулар (құрылымдық, мoтивaциялық-caлыcтыpмaлы, компоненттік, интент-талдау, семантикалық-стилистикалық, сандық және сапалық, т.б.) жасау.
ON4 Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда меңгерту негіздерін, тиімді стратегиялар жүйесін игеріп, төрт түрлі қатысым дағдысына (оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім) байланысты коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыратын тапсырмалар, практикалық жаттығулар дайындау, сөйлеу әрекетін белсендіру үшін тіл үйренуге арналған интернет-ресурстарға талдау жасау.
ON5 Тілді меңгеру деңгейлерінің критерийлерін, сертификаттау техникасы мен әдістерін қолдану.
ON6 Құжат тілінің мазмұндық-құрылымдық жүйесін құрайтын тілдік стандарттылық, терминдердің бірізділігі, номенклатуралық атаулардың жазылуы сияқты кешенді лингвистикалық білімді қолданып іс жүргізу.
ON7 Академиялық жазылым талаптары негізінде зерттеу жұмыстарын (реферат, курстық, дипломдық жұмыстар, эссе, ғылыми мақалалар) дайындау.
ON8 Интернет-коммуникацияның түрлерін, тілдік ерекшеліктерін талдау, лингвоэкологиялық әсерін саралау, ақпараттарды өңдеу. Кәсібі бойынша озық сандық технологияларды пайдалану.
ON9 Қазақ және шет (орыс, ағылшын) тілдеріндегі грамматикалық құрылымдардың, таным теориясы қағидаларының әмбебаптылық және бірегейлік ерекшеліктерін тілдер типологиясы бойынша салғастырмалы аспектіде меңгеру, оларды тіл үйренуде, аудармада қолдану.
ON10 Қоғамдағы мемлекеттік тілдің қолданысының кедергілері себептеріне социолингвистикалық сараптамалар жасау.
ON11 Корпустық лингвистиканың ғылыми-теориялық негізін, корпус құрудың қағидалары мен ұлттық корпус құру тәжірибесін, әлемдік тіл біліміндегі ұлттық корпустардың методологиясы мен ерекшелігін, корпус түрлерімен жұмыс жүргізуді меңгеру.
ON12 Копирайтинг және спичрайтингтің бағыттары мен түрлерін ажырату, көпшілік алдында сөйлеу мәтінін және жарнамалық мәтін идеясын, стратегиясын, түрлерін талдау, құру; презентациялар дайындау, іскерлік кездесулер, келіссөздер, пікірталастар жүргізу.
ON13 Мәтіннің стилін, жанрын, прагматикалық мақсатына сай түрлендіру, түрлі қатысым салалары мәтіндерін құру, өңдеу, жүйелеу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген