Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B04109

Мамандығы:

Цифрлық экономика

Факультеті:

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - бизнес және басқару бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1.кәсіпорынның (ұйымның) байланыстарын қосылған құн тізбектерінің ғаламдық желісіне енгізу арқылы және олардың елдің макро - және микроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер ету дәрежесін талдай және анықтай отырып, сондай-ақ, бизнес-процестердің циклділігін, жаһандануын және цифрлануын ескере отырып, оның цифрлық трансформациясына қажетті инфрақұрылымды ұйымдастыруға қабілетті;
2.кәсіпорындардың (ұйымдардың) бизнес-процестерін стратегиялық басқару үшін және цифрлық экономика саласы мен сыртқы саудада олардың қызметінің жаңа форматын құру үшін инновациялық технологияларды және ЕАЭО кеңістігінде, әлемдік экономикада халықаралық бизнесті жүргізу кезінде электрондық коммерцияның, төлем жүйелерінің және электрондық транзакциялардың нысандары мен жүйелерін пайдалануға қабілетті;
3.цифрлық экономикадағы электрондық үкіметтің рөлін талдау, ол үшін оның «мемлекет-азаматтар» (G2C), «мемлекет-бизнес» (G2B) сияқты халықпен және бизнеспен өзара әрекеттесу секторларында қолданатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігін бағалай отырып, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және елдегі бизнесті дамыту мәселелерінің инновациялық шешімдерін анықтауға қабілетті;
4.бағдарламалау тілдері мен әдістерін, экономикадағы АКТ мен жүйелердің жаңа түрлерін қолдана отырып, «толассыз» цифрлық технологияларды (үлкен деректер, блокчейн, жасанды интеллект, кванттық және жаңа өндірістік технологиялар, өнеркәсіптік Интернет және т.б.) дамытудағы трендтерді талдай отырып, кәсіпорында (ұйымда) ресурстарды/процестер мен тәуекелдерді бөлу және пайдалану жөніндегі жаңа міндеттерді модельдеуге қабілетті;
5.виртуалды саладағы кәсіпорындар (ұйымдар) үшін қаржылық және экономикалық есептеулерді жүргізіп және экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік есеп деректері негізінде бизнес-талдау құралдарын қолдана отырып, бизнес-процестердегі тәуекелдер мен өзгерістерді бағалап, экономикалық жоспарлар мен бюджеттерді құруға қабілетті;
6.бухгалтерлік есеп пен аудитте, қаржы мен маркетингте сандық құралдарды, логистика мен электрондық коммерцияда блокчейн технологияларын қолдану, сонымен қатар олардың нақты және виртуалды ортадағы кәсіпорын (ұйым) қызметіне әсерін бағалай және талдай отырып, бизнес-процестердің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оларды қолданудың жаңа тәсілдерін анықтауға қабілетті;
7.халықаралық венчурлық қаржыландыру және инновациялық (R&D) бизнес модельдерін зерттеу және сандық ортадағы тәуекелдер мен қауіптерді анықтау, талдау, жіктеу және оларды азайту бойынша іс-шаралар кешенін әзірлей отырып, саланың, аймақтың және тұтастай алғанда ұлттық экономиканың цифрлық инновациялық дамуы үшін жаңа шешімдерді ұсыну негізінде кәсіпорындар (ұйымдар) үшін аналитикалық шолулар (есептер) жасауға қабілетті;
8.электрондық коммерцияны дамыту үшін экономиканың жаңа нарықтары мен секторларын маркетингтік зерттеу барысында B2C тиімді сату арналарын анықтау, HTML/CSS, JavaScript, Python және т.б. бағдарламалау тілдерін қолдана отырып, веб-сайттары мен мобильді қосымшалары бар электронды дүкендерді құру, олардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін бағалау және талдау негізінде кәсіпорындарға (ұйымдарға) арналған бизнес-жоспарлар мен ақылды келісімшарттар құрастыруға қабілетті;
9.эконометрикалық, микро-және макроэкономикалық модельдерді қолдана отырып, цифрлық экономиканың дамуын оның технологиялық, мінез-құлық, институционалдық-құқықтық ерекшеліктерін ескере отырып модельдеу, жалпы Қазақстан экономикасының даму перспективаларын болжау үшін модельдеу негізінде талдамалық есептер жасауға қабілетті;
10.экономикадағы ғылыми, жобалық және технологиялық міндеттерді шешуге бағытталған инновациялық бағдарламалық өнімдерді қолдана отырып, үлкен деректермен жұмыс істей отырып, цифрлық құралдар мен бағдарламалық өнімдердің көмегімен қолданыстағы әдістерді, технологияларды, сату арналарын жетілдіру және өндірістің немесе бизнестің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасауға қабілетті;
11.ұлттық криптовалютаны, қаржылық және төлем жүйелерін, қызметтерді және цифрлық ортадағы бизнес-процестерді дамытудың жаңа модельдерін әзірлеу, оларды мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесіне сүйене отырып, әлемдік криптовалюталар нарығы мен ICO нарығының қазіргі тенденциялары мен ерекшеліктерін талдау, салыстыруға қабілетті;
12.кәсіби міндеттерді шешу үшін әртүрлі ақпарат көздері мен құралдарын пайдалана отырып, іскерлік қарым-қатынас, ақпараттық мәдениет негізінде кәсіби қызметтің стандартты міндеттерін шеше отырып, командада тиімді жұмыс істей отырып, жеке және көшбасшылық дағдыларды, жүйелі қолданбалы ойлауды дамытуға қабілетті.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген