Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B03208

Мамандығы:

Сандық архивтану және құжаттану

Факультеті:

Тарих

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - әлеуметтік білім бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1.Адам және әлеуметтік жүйелер туралы, сондай-ақ әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардың даму процестері туралы кең білімді меңгеру.
2.Тарихи, этнологиялық, мәдениеттану және әлеуметтік-мәдени зерттеулерге қазіргі заманғы әдіснамалық принциптер мен әдістемелік ұстанымдардың базасын талдау және білімдерін жетілдіру.
3.Өз кәсібінің қоғамдағы рөлі мен оның ағартушылық функцияларын түсіну, әлем халықтарының тарихы мен мәдениетін, олардың этноұлттық дәстүрлерін ғылыми ақпараттық жариялауға қатысуға дайын болу, антропологиялық және этнологиялық білімді танымал ету.
4.Социологиялық және математикалық әдістерді қолдана отырып, далалық этнологиялық зерттеулер жүргізу, сауалнамалық мәліметтер мен сауалнамаларды өңдеу, деректерді жүйелеу, аудио-бейне, фото материалдарды пайдалану, сондай-ақ мұрағаттарда, музейлерде және кітапханаларда материалдар жинау.
5.ІТ технологиясын пайдалана отырып тарихи және әлеуметтік әдістер негізінде этникалық және этномәдени проблемалар бойынша мәдени орталықтар үшін сараптама жүргізу, салыстырмалы талдау, пәнаралық және жүйелі көзқарас, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау.
6.Ұлтшылдыққа, ксенофобияға және экстремизмге қарсы іс-қимылға, ұлттық азшылықтардың құқықтарын қорғауға, олардың мәдени мұрасын сақтауға, сондай-ақ этносаяси, этноконфессиялық әлеуметтік қақтығыстарды шешудің тиімді жолдарын іздеуге бағытталған жобаларды ұйымдастыруға дайындығын көрсету.
7.Ғылыми семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, дискуссиялық клубтар өткізу мақсатында зерттеу, мәдени мекемелерде, мәдениет департаментінің бөлімдерінде стратегиялық даму бағдарламаларын әзірлеу.
8.Этнология және антропологияның теориялық және қолданбалы аспектілері бойынша ІТ технологиясын қолдана отырып сабақтар жүргізу, курстар жүргізу; оқу және тәрбие бағдарламаларын, әдістемелік ұсыныстарды, бағалау құралдарын әзірлеу, музейлер мекемелерінде білім беру процесін жүргізу.
9.Ұйымдар мен мекемелердің (зертханалар, мұражайлар және т.б.) қызметінде тарихи-мәдени және тарихи-өлкетану функцияларын жүзеге асыру, оның ішінде музей кеңістігінде көрмелерді іріктеу мен ұйымдастыруды жүзеге асыру.
10.Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оның ішінде электрондық, кино және теледидар арқылы халықтар, этноұлттық және мәдени дәстүрлер туралы шынайы ақпараттарды тарату.
11.Мемлекеттік және муниципалдық, музейлер, білім беру мекемелеріне, туристік компанияларға ұлттың ұлттық санасын қалыптастыру міндеттері тұрғысынан тарихи өткен оқиғаны сақтауда, көпшілікке таратуда және ұсынуда кеңес беру.
12.Әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, өзінің кәсіби қызметі саласында ұжымды басқару.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген