Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B02210

Мамандығы:

Археология

Факультеті:

Тарих

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - гуманитарлық білім бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1.Археологиялық зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау; археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін, қалыптасу процесі және ыдырау немесе өркендеу себептерін түсіндіру
2.Шетелдік археологиялық мектептер туралы ой қалыптастыру, шетелдік мемлекеттердегі археологиялық ғылымның даму тарихын жүйелі бағалай алу
3.Археологиядағы трасологиялық, геологиялық, геодезиялық, археометриялық, сандық әдістерді сипаттау; археологиялық зерттеудегі социологиялық, саяси, экологиялық процестердің рөлін түсіндіру.
4.Далалық зерттеу жұмыстары кезінде археологиялық барлау немесе қазба жұмыстарын жүргізу әдістері бойынша білімді пайдалану; археологиялық табылымдарды негіздей отырып, адамның шығу тегі туралы негізгі теорияларды сипаттау
5.Идеялық-тақырыптық мазмұн тұрғысынан әдебиеттерге кешенді талдау жүргізу, шетелдік ғалымдардың ғылыми әдебиеттерін пайдалану және салыстырмалы талдау жасау
6.Түрі, құрылысы, кезеңдік ерекшеліктері негізінде ғұрыптық жерлеу ескерткіштерін талдауды жүзеге асыру; тұрмыстық, әскери заттар, жерлеу-ғұрыптық рәсімдер негізінде ескерткіштердің мәдени тиесілігін анықтау
7.Еуропа және Азия елдерінде археологиялық қазба жүргізу әдістерін жіктеу, қазба жүргізу әдістері және археологиялық ескерткіштерді реставрациялау мен консервациялау тәсілдерін саралау
8.Зертханалық-камералдық жұмыстарды жүргізу кезінде пәнаралық зерттеулердің әдістерін пайдалану
9.Ежелгі және ортағасырлық тайпалардың рухани және материалдық мәдениетінің фактілеріне қатысты ғылыми пікірталас жүргізе алу, ғылыми ойлау қабілеттерін көрсету
10.Шетелдік ғылыми әдебиеттерді сараптау қабілеттерін көрсете алу, теориялық, процессуалдық, постпроцессуалдық археологияның қалыптасу кезеңін сараптау
11.Зертханалық-камералдық жұмыстарды жүргізе алу; археологиялық қазба жұмыстар кезінде табылған керамика фрагменттеріне трасологиялық сараптама жасай алу
12.Қазіргі заманғы зерттеу тәсілдерін сипаттау және талдау мақсатында археология проблемалары бойынша пәнаралық білімді зерттеу процесіне интеграциялау; қоғамдағы сыпайы және толерантты өзара іс-қимылға, ғылым проблемаларын шешу үшін әлеуметтік өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа дайын болу; Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстаным таныту;
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген