Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B11401

Мамандығы:

Әлеуметтік жұмыс

Факультеті:

Философия және саясаттану

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - қызмет көрсету саласының бакалавры
  • екiншi жоғары бiлiм - қызмет көрсету саласының бакалавры
  • бiрiншi жоғары қысқартылған бiлiм - қызмет көрсету саласының бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
. Әлеуметтік жұмыстың түрлі бағыттары бойынша клиентке әлеуметтік әсерді жүзеге асырудың негізгі ұғымдарын, идеяларын, теорияларын, нысандарын, субъектілерін, функциялары мен механизмдерін ажырату және түсіндіру қабілетін көрсету; өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдармен жұмыста әлеуметтік жұмыстың негізгі ұғымдарын, идеяларын кәсіби қызметте қолдану және түсіндіру;
2. өзін-өзі дамыту стратегиясын анықтау, ғылыми танымның түрлі модельдері негізінде әлеуметтік ақпаратты басқару, соның ішінде Әл-Фарабидің ілімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, кәсіпкерлік дағдысын қалыптастыру, табиғатты тиімді пайдалану, адамның өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету
3. клиенттермен әлеуметтік жұмыстың базалық негізін құрайтын әдістер мен технологияларды қолдану, оларды әртүрлі кәсіби жағдайларда қолдану ерекшеліктерін анықтау;
4. клиентпен жұмыс істеу кезіндегі нақты жағдайдың ерекшеліктерін, әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, құқықтық құрауыштарды ескере отырып, проблеманы зерттеу барысында алынған деректерді бағалау;
5. өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтендіру, абилитациялау және оңалту проблемалары бойынша делдалдық, әлеуметтік-профилактикалық, консультациялық және әлеуметтік-психологиялық қызмет жүргізу;
6. клиенттің психологиялық, тұлғааралық, әлеуметтік мәселелерін, оның қоршаған ортасын шешу мақсатында мамандар мен қызметтердің іс-әрекетін үйлестіру.
7. жеке күштерді, физикалық, психикалық және әлеуметтік ресурстарды жұмылдыру арқылы өзінің негізгі өмірлік қажеттіліктерін дербес қамтамасыз ету бойынша клиенттің мүмкіндіктерін кеңейту;
8. арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мониторинг жүргізу, қазіргі заманғы квалиметрия мен стандарттаудың жетістіктері негізінде әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек шараларының сапасын бағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
9. әлеуметтік жарнама және клиентке әсер ететін басқа да құралдар мүмкіндігі арқылы клиентпен әлеуметтік өзара іс-қимыл бағдарламаларын әзірлеу;
10. әлеуметтік жұмыс саласындағы процестер мен құбылыстарды болжау, жобалау және үлгілеу, әлеуметтік жобаларды сараптамалық бағалау әдістемесін пайдалана отырып, әлеуметтік жобаларға қатысу;
11. азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын іске асыратын ұйымдардың бөлімшелерінде қажетті құжаттарды талдау және жүргізу, құжат айналымын ұйымдастыру;
12. әлеуметтік міндеттерді іске асыру бойынша әдістер мен құралдарды өз бетінше таңдау қабілетін көрсету.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген