Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B07112

Мамандығы:

Жылу энергетикасы

Факультеті:

Физика-техникалық

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - техника және технология бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON 1 берілген методология бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізу, тиісті математикалық аппарат көмегімен алынған нәтижелерді өңдеу және талдау;
ON 2 жылуэнергетика және жылу процестерін автоматтандырудағы жылутехникалық параметрлердің құрамы мен сапасын бақылаудағы заманауи технологиялық құралдарды және өлшеу әдістерін қолдану;
ON 3 заманауи кәсіпорындардардағы процестерді зерттеу үшін АТ технологиялары мен қолданбалы программалық пакеттерін пайдалану;
ON 4 бекітілген әдістерге сәйкес жеке бөлімдер (сатылар, міндеттер) үшін ЖЭС-да энергетика және жылу технологиясы, энергияны пайдалану және энергияны үнемдеу саласындағы тәжірибелік зерттеулер мен жобалауды жүргізу;
ON 5 жылу электр станцияларының жылутехникалық және жылуэнергетикалық қондырғыларын дамыту, жаңғырту және пайдалану кезіндегі бақылау және өлшемдер жүргізудің бағдарламалары мен әдістерін жоспарлау, олардың сипаттамалары мен қорытындыларын жасау;
ON 6 қоршаған ортаны қорғау, энергияны үнемдеу және ресурстарды үнемдеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін бақылау;
ON 7 ЖЭС-дағы қондырғылардың және технологиялық процестердің энергетикалық бағалауды жасау, отын-энергетикалық ресурстардың шығындарын есепке алу; ЖЭС-ның учаскелерінің, қондырғылардың, технологиялық процестердің техникалық және экономикалық балансын ұйымдастыру;
ON 8 қазандықтардағы органикалық отынның жағуын ұйымдастыру кезіндегі, қазандық қондырғылардың газ-ауа және бу-су трактарында пайда болатын жылуфизикалық және гидродинамикалық процестерді түсіндіру үшін және қолданбалы техникалық мәселелерді шешудегі білімдерін қолдану;
ON 9 жылу электр станцияларында жылу мен электр энергиясын өндіру үшін төмен қалдық және қалдықсыз технологияларды қолдану;
ON 10 органикалық отындарды технологиялық тиімді жағу және зиянды шығындарды азайту үшін эксперименталды және теориялық зерттеулер нәтижелерін (OpenFoam, Paraview, OriginLab, Labview және т.б.) модельдеу және өңдеу үшін компьютерлік технологияларды пайдалану;
ON 11 жылу және электр энергетикасы объектілерінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін қамтамасыз ету үшін инновациялық энергетикалық объектілерді жоспарлау үшін экономиканың құралдарын (заңдар, ғылыми тәсілдер, қағидалар, әдістер, модельдер) пайдалану;
ON 12 өндірісті басқарудағы озық әдістерді және энергетикалық ресурстарды тұтыну кезіндегі зерттеулерді қолдану.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген