Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B06101

Мамандығы:

Индустриалды ақпараттық жүйелер

Факультеті:

Ақпараттық технологиялар

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Осы бағдарламаны аяқтаған студенттер келесі дағдыларға қабілетті болады деп күтілуде:
1.ықтималдылық теориясының және математикалық статистиканың негізгі ережелерін қолдану, алынған статистикалық талдау нәтижелерін түсіндіру және қабылданатын бизнес-шешімдерді сипаттау, нақты қойылған есеп бойынша өз қорытындыларын қатаң түрде негіздеп және түсіндіре алу;
2. объектіге бағытталған бағдарламалау тілінің негізгі құрылымын пайдалану, алгоритмдерді және бағдарламалық өнімдердің архитектурасын нық және сенімді құрастыру, алынған нәтижелерді интерпретациялау және нақты физикалық және экономикалық есептердің дұрыс математикалық модельдерін қолдану;
3. программалау тілінің негізгі шаблондарын қолдану, тілдің жасалатын объектілерін шебер түсіндіру, мұраланатын кластарды жан-жақты пайдалану, полиморфизмді пайдалану, жасалатын кластардың әдістері мен қасиеттерін инкапсуляциялау;
4. бағдарламалық өнімнің архитектурасын құрастырудың негізгі тәсілдерін қолдана алу;
5. WPF құралдарын сенімді игеріп, компьютерлік графика технологиясы арқылы бағдарламалық өнімнің нәтижелерін визуализациялау;
6. жергілікті желінің толыққанды топологиясын құрастыра отырып, желілік жабдықтың және оның бағдарламалық қамтамасыз етудің әрбір компоненттерінің құрылымы мен мақсатын біле отырып, қолданылатын желілік технологияларды сипаттай білу;
7. деректер базасында ұсынылатын ақпараттың тұтастығын, толықтығын, қарама-қайшы еместігін және бірегейлігін сақтай отырып, реляциялық деректер базасымен қашықтықта жұмыс істейтін негізгі бағдарламалық өнімдерін пайдалану;
8. Шешімдерді уақытылы қабылдау үшін қажетті мәліметтер мен ресурстарды сапалы түрде ұсына отырып, кәсіпорын ресурстарын жоспарлау жүйесіндегі экономикалық және материалдық ағындарды басқару, менеджмент жүйесінің негізгі компоненттерін түсіндіру және сипаттай алу;
9. Деректерді интеллектуалды талдау, қабылданатын шешімдерді жіктеу, болашақ әрекеттерді тану және генерациялау, графиктер, кестелер және диаграммалар түрінде деректерді ұсыну есептерінде машиналық оқыту теориясының технологиясы мен әдістерін, ғылыми базасын қолдану;
10. Кәсіпорынның экономикалық жүйесінде қалыптасқан жағдайды модельдеу үшін деректерді шебер ұсына отырып, BI-қызметтер технологиясының негізгі тәсілдерін пайдалана отырып, зияткерлік талдау қабілетін көрсету;
11. кәсіпорынның ақпаратты қорғау жүйесін жоспарлау және құрастыру, антивирустық бағдарламалар технологиясы мен серверлік жүйені қорғау шараларын шебер пайдалана білу;
12. табиғат пен қоғамның қызмет етуі мен дамуының негізгі заңдылықтарын білу, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-құқықтық, этикалық, саяси және төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген