Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B02305

Мамандығы:

Қазақ филологиясы

Факультеті:

Филология

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - тіл білімі бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 Орта және арнаулы білім беру кәсіби ұйымдарында әлемдік және қазақ тіл біліміндегі ғылыми-теориялық мәселелерді талдап түсіндіреді. Жауапты орындаушының басшылығымен гуманитарлық білім берудегі маңызды пәнаралық бағыт ретіндегі лингвистиканың коммуникация теориясы, мәдениеттану, семиотика, философия, социология және психологиямен байланысты дискурс теориясының өзекті мәселелерін талқылайды. Озық отандық және шетелдік тәжірибені пайдаланады. Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты лингвистикалық және әдеби фактілерді әлеуметтану, мәдениеттану философия және саясаттануды сипаттау үдерісінде қолданады. Тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы жаңа бағыттар, жаңа ғылыми тұжырымдар туралы өзіндік пікірі қалыптасады. Филологияға қатысты ғылыми тұжырымдарды меңгереді.
ON2 Ғылыми зерттеу, академиялық институттарда қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуы, көне тілдер мен қазіргі тілдердің заманауи топтары арасындағы байланыстар, сөздердің шығу тегі мен эволюциясы, грамматикалық және лингвистикалық нысандардағы өзгерістер туралы зерттеу жүргізеді. Тілдік және тарихи-әдебиеттанудың өзекті мәселелерін мәдениет тарихымен, ұлттық дүниетаныммен байланыстырады.
ON3 Орта және арнаулы білім беру кәсіби ұйымдарында жоғары білімді маман ретінде сөздің семантикалық құрылымын талдайды, терең ішкі генетика-семантикалық мағынасы мен қолданыстағы мәнін анықтайды. Тілдегі дыбыс пен әріптің арақатынасын фонологиялық дәрежеде ажыратады. Дыбыстардың бір-біріне тіркесу қабілетін, сөздің жазылуы мен айтылымының бірдей болмау себебін анықтайды. Сөз құрамын, сөзжасамдық ерекшеліктерін, сөйлемнің құрылымдық, айтылу мақсатына қарай, логико-грамматикалық типтерінің коммуникативтік талаптар дәрежесіне сай түрленуін анализдей алады. Мәтіндік деңгейде берілген сөйленімді нақты сөйлеу жағдаяттарына сай синтездей алады. Қазақ тілін оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру жолдарын игереді. Әдістеме ғылымының соңғы жетістіктерін қолданады.
ON4 Лингвистика, әдебиеттану, фольклористика және текстология салаларында бекітілген ғылыми әдістерге сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізеді. Мәтінді редакциялаудың құрылымдық-семантикалық, салыстырмалы, мифопоэтикалық, ғылыми әдебиеттерді тарихи талдау, филологиялық талдау сияқты түрлерін жүзеге асырады. Мәтін құрудың, өңдеудің алғышарттарын, мәтіннің негізгі бірліктерінің семантикасын меңгереді. Концептуалды мәні бар семантикалық өрістің жан-жақты дамуын және олардың арақатынастарын анықтайды. Әр түрлі функционалдық стильдердегі мәтіндермен жұмыс істеуге қабілетті болады. Тақырыптық-мазмұндық композициясы бойынша мәтінді салыстырады және бағалайды.
ON5 Ғылыми зерттеу, академиялық институттарда қазіргі заманғы лингвистика және әдебиеттанудың ғылыми-терминологиялық негіздері, филология ғылымының категориялық аппараты, қазақ тілі теориясы мен тарихы, қазақ әдебиетінің кезеңдері, қазақ тілінің теориясы мен тарихының негізгі қағидаларын білу негізінде лингвистика және әдебиеттанудың түрлі мәселелері бойынша кеңес береді.
ON6 БАҚ саласында ақпарат алу, сақтау, өңдеу әдістері мен құралдарын тиімді пайдаланады. Деректерді жинауға, беруге, өңдеуге және сақтауға арналған компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық құралдарын қолданады. Ақпаратты іздеу, өңдеу және тарату үшін Интернет-ресурстар қызметтерді пайдаланады. Әртүрлі қызмет түрлеріне арналған деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу үшін сандық технологияны қолданады. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданумен мамандық бойынша жобалық іс-шараларды жүргізеді.
ON7 Ғылымның, технологияның және халық шаруашылығының түрлі салаларында тұжырымдамалар мен анықтамаларды жетілдіруге арналған шарттарды біріздендіру бойынша, Ономастикалық сөздік қорын жинау, сипаттау, жүйелеу бойынша жұмыстар жүргізеді (топонимдер, гидронимдер және т.б.). Көркемдік, ғылыми, техникалық және түрлі арнайы әдебиеттерді аударумен айналысады.
ON8 Қоғам өмірінің барлық саласында, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда ғылыми еңбектер құрастыру: заманауи компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы рефераттар, мақалалар, филологиялық түсіндірмелер, аналитикалық эссе, шолу-рефераттар, ғылыми есептер, оқу-зерттеу жобалары, ғылыми баяндамалар, мақалалардың тезистері, филологиялық пікірлер жазады. Ғылыми құжаттарды дайындайды.
ON9 Тіларалық және мәдениет аралық қарым-қатынас саласында, тілдерді дамыту орталығында үш тілді үйрену мен ұлттық сананы рухани жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру контекстінде тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіби, мәдениетаралық қарым-қатынас салаларында шетелдік / орыс / қазақ тілінде танымдық және коммуникативтік әрекеттерді жүзеге асырады. Қазақ / орыс / ағылшын әдеби тілдерінің орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуация, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын сақтай отырып, әртүрлі стиль мен жанрдағы ауызша және жазбаша мәтіндерді құрастырады.
ON10 Ғылыми зерттеу, академиялық институттарда және оқу орындарында мәтіннің әртүрлі элементтерінің графикалық және лексикалық біркелкілігін қамтамасыз ету үшін мәтінді редакциялайды, өңделген қолжазбаларды түзетеді. Емле және пунктуация қателермен жұмыс жасайды. Мәтіннің семантикалық және стилистикалық кемшіліктерін түзетеді. Ғылыми, техникалық, әлеуметтік-саяси, экономикалық әдебиеттерді, шетелдік мекемелермен және кәсіпорындармен хат алмасуды, сондай-ақ конференциялар, жиналыстар, семинарлар және т.б. материалдарды редакциялайды.
ON11 Ғылыми зерттеу, академиялық институттарда және оқу орындарында тілді оқыту бойынша ғылыми еңбектер, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулықтар, сөздіктер жасайды. Адам қызметінің арнаулы салаларының қай-қайсысына да қатысты жасалған терминдерге тілші-маман ретінде талдау жасайды. Терминологияны жүйелі түрде зерттеуге, оның шешімін таппаған түрлі мəселелерін талқылауға қабілетті болады.
ON12 Әлеуметтік, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық жағдайларға, қазақстандық қоғамның құндылықтар жүйесіне, олардың ара-қатынасына талдау жасайды. Маңызды жағдайларда маңызды қарым-қатынас жасау, тиімді диалог жүргізу әдісін қолданады. Командада кәсіби қарым-қатынас орнатып, адамдардың кәсіби қызметіндегі әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды бағамдай алады.
Ғылыми пікірталас жүргізу қабілетін көрсетеді, әлеуметтік-саяси фактілерге қатысты, яғни қазақ қоғамының дамуының түрлі кезеңдері, саяси бағдарламалары, мәдениеті, тілі, әлеуметтік және тұлғааралық қарым-қатынастары туралы өз позициясын анықтайды.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген