Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B05304

Мамандығы:

Физика

Факультеті:

Физика-техникалық

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - жаратылыстану бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 әлемнің қазіргі физикалық бейнесін қалыптастырудағы ғылымның рөлі туралы білімді қолдану; физикалық құбылыстар мен процестердің мәнін түсіну, практикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажет дүниетаным мен ой-өрісті қалыптастырудағы физиканың рөлін бағалау;
ON2 – мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің мазмұнын талдау және интерпретациялау үшін әлемнің қазіргі ғылыми көрінісі негізінде жатқан физиканың іргелі заңдары мен принциптерін жіктеу және түсіндіру;
ON3 – өлшеу нәтижелерін талдау, шамалар арасындағы тәуелділікті анықтау, алынған нәтижелерді түсіндіру және қорытынды жасау;
ON4 – әр түрлі физикалық құбылыстар мен үдерістерге тәжірибелік зерттеулер жүргізу, заттың қасиеттері мен физикалық жүйелер жағдайының параметрлерін анықтау;
ON5 – мамандық бойынша стандартты есептерді шешу, физикалық процестердің математикалық моделін құру, алынған нәтижелерді визуализациялау үшін графика құру және анимация жасау;
ON6 – педагогикалық қызметте оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру үшін физика және физиканы оқыту әдістемесі саласындағы заманауи ғылыми әзірлемелерді қолдану; оқытудың заманауи әдістерін қолдану арқылы орта жалпы білім беретін оқу орындарында физика сабақтарын өткізу;
ON7 – кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; есептерді аналитикалық және сандық есептеу әдістерін, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін қолдану;
ON8 – практикалық тапсырманы тұжырымдау және шешу, негізгі ұғымдарға, заңдылықтарға, заңдар мен теорияларға сүйену, ғылыми терминология мен символдарды сенімді қолдану, физикада қолданылатын ғылыми танымның негізгі әдістерін меңгеру;
ON9 – өз бетінше ары қарай үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету үшін мамандық бойынша іргелі білімді интеграциялау; ғылыми зерттеулердің теориясы мен әдістерін практикада қолдану;
ON10 – ғылыми ақпаратты жинау және түсіндіруді ұйымдастыру, командада жұмыс істеу және аудиторияның назарын басқару;
ON11 – болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын бағалау, оған тұрақты қызығушылық таныту; ЖОО-да оқу үрдісінде кәсіби шеберлікті одан әрі дамыту үшін қажетті дайындық деңгейіне жету;
ON12 – білім беру бағдарламасының келесі сатысында (магистратура) оқуды жалғастыру, кәсіби қызмет саласында және халықаралық аренада шет тілін қолдануға қабілетті болуға.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген