Түлектер қауымдастығы

Философия және саясаттану факультеті – Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша білім беретін басты орталықтарының бірі болып табылады. Факультеттің қалыптасуы университеттік білім мен мәдениеттің, қазақстандық философияның, әлеуметтанудың, психологияның, педагогиканың, саясаттану ғылымдарының дамуымен бірге орын алды. Өзінің қалыптасуы барысында факультет қоғамдық өмірдің барлық салалары үшін жоғарғы кәсіби деңгейдегі мамандарды дайындады. Олар еліміздің әртүрлі түкпірлерінде жұмыс жасайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерінің интеллектуалды потенциалы мен педагогикалық және ғылыми мамандарды дайындау мен қайта дайындауда, университет мүмкіндіктерінің тиімділігін арттыру мақсатында, университет шеңберінде факультеттің түлектерімен лидерлік дәрістер, семинар-тренингтер мен конференциялар ұйымдастыратын Түлектер Қауымдастығы жұмыс жасайды. Қауымдастық университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын студенттерге арналған шәкіртақылар тағайындайды.

Қауымдастық түлектермен байланысты қолдау барысында түлектермен жұмысты сипаттайтын ақпараттық қызметті белсенді дамытады, аналитикалық мәліметті жинақтап, жүйелейді, сонымен бірге, түлектер күшімен құрылатын университеттің қаржылық қоры – эндаументті қалыптастыру жұмыстарымен айналысуда.