Ғылыми тағылымдамалар

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларының 2009 жылдың 27 сәуірі – 10 мамыры аралығында Лондонның Жаһандық университетіндегі UCL (Ұлыбритания) біліктілігін көтеруі

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмалары аясындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2009-2011 жылдарға арналған даму стратегиясы бойынша негізгі шараларды жүзеге асырудың жоспарына сәйкес, осы университеттің 14 үздік оқытушысы 2009 жылдың 27 сәуірінен 10 мамырына дейінгі аралықта Лондонның Жаһандық университетінде University College London (UCL, Лондон, Ұлыбритания) біліктілік жетілдіру курстарынан өтті. 14 үздік оқытушылардың бірі - кафедра меңгерушісі Мәдиева Гүлмира Баянжанқызы.

UCL әлемнің жетекші университеттерінің бірі, сонымен қатар Ұлыбританияның мықты университеттерінің алдыңғы үштігіне кіреді, The Times Higder Education апталығының және SQ халықаралық компаниясының, Quacguarelli Symonds жобалауынша 7 орын иеленеді.
Оқытушылар біліктілікті жетілдіру курстары бойынша студенттерге білім берудің инновациялық тәсілдерімен танысу, әріптестердің дәрістері мен семинарларына қатысу, оқытудың және өзге де мәселелердің электронды ортасын жобалау секілді бағдарламалардан өтті.