Факультет тарихы

 

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті Қазақстандағы журналистер дайындайтын бірден-бір жетекші оқу орны болып табылады. Ол – 1934 жылы ең алғашқылардың бірі болып құрылған, сонымен қатар ТМД елдері бойынша ең ірі факультеттердің бірі. 82 жылдық өзіндік тарихы бар факультет осы күнге дейін БАҚ-тың түрлі салаларына 16 мыңнан астам жоғары сапалы мамандарды даярлап келеді. Олар бүгінде еліміздің зиялы қауымдарының қатарында жүр.
Факультетті бітірген түлектер республикалық, облыстық, аудандық мерзімді баспасөздерде, радиода, теледидарда, отандық және шетелдік баспаларда, Үкімет салаларында қызмет етуде. Солардың қатарында Қ.Сұлтанов, М. Құл-Мұхаммед, С. Абдрахманов, Е. Бекхожин, Ж. Кенжалин т.б. сынды бүгінде ірі тұлғаларға айналып үлгерген азаматтарды мақтанышпен атап өтуімізге болады.
Журналистика факультеті қандай қиын кезеңдерді бастан өткерсе де, білікті профессор-оқытушылар құрамын сақтап келеді. Факультетте жоғары сапалы оқытушылар, белгілі ғалымдар мен БАҚ тәжірибелі журналистері дәріс береді. Қазақ журналистикасының ғылыми негізін қалаған Х. Бекхожин, Т.Амандосов, Т. Қожакеев, М.Барманқұлов, М. Дмитровский, Ю. Крикунов т.с.с. ғалымдар еңбектері негізгі құндылықтар болып табылады.