Студенттік өмір

Студенттік өмір

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультеті студенттері дүние жүзіне танымал болған, нағыз ғалым оқытушы-профессорлардың дәрісін тыңдаумен қатар өзінің рухани жан дүниесін байытумен және мәдени деңгейін көтерумен айналысады.
Олар бос уақытын Алматы қаласы мен оның айналасындағы тарихи, әсем жерлерге саяхат жасап, театр қойылымдары мен тарихи тақырыптағы кино қойылымдарын көруге арнайды.
ҚазҰУ қалашығында студенттердің шығармашылық және спорттық бағыттар бойынша жанжақты дамуына барлық жағдай жасалған. Олар салауатты өмірсалтын ұстанып, спорт, ән-би, халық музыкалық аспаптар, эстрада т.б. үйірмелерге жаппай қатысады. Факультет студенттерінің жыл сайын дәстүрле түрде өтетін «Студенттік көктем», «Ана тілі аруы», «КВН» сияқты байқауларда және студенттер арасында өтетін Республикалық пәндік олимпиадада үнемі жүлделі орындарды иеленуі соның айғағы.
Тарих, археология және этнология факультетінде студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысы университет қабылдаған даму стратегиясына сәйкес өтіп, студенттердің бойында отаншылдық қасиеттерді, корпоративтік мәдениет, салауатты өмір салты сияқты ұстанымдарды қалыптастыруға бағытталған.
Студенттер өзінің таңдаған мамандығы бойынша кәсіби бағыт-бағдар алу үшін факультетте жиырмаға жуық ғылыми үйірмелер мен клубтар қызмет етеді. Олар Студенттердің дүниетанымы мен азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруда факультетте республикамыздың атақты адамдарымен, кездесу ұйымдастыру дәстүрге айналған.
Тәрбие жұмысының негізгі міндеті: студенттерге жауапкершілікті сезінуді, алдына мақсат қоя білуді, өз міндетін тиянақты орындауды және белсенді азаматтық позицияны ұстануды үйрету болып табылады. Студенттік кеңес, Студенттік маслихат және «Сұңқар» студентер кәсіподағы сияқты студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдары факультет пен жатақханада өтетін студенттік өмірдің қызықты болуы үшін әртүрлі іс-шараларды өздері үлкен жауапкершілікпен жоспарлы түрде өткізіп тұрады.


Студенттік өмір – үлкен өмірге үлкен серпіліс!