Ғылыми бағыттар

Философия кафедрасы заманауи әлеуметтік философия, саясат философиясы, құқық философиясы, ғылым философиясы және эпистемология, ислам философиясы, түркі және қазақ философиясы мәселелері бойынша жан-жақты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми-зерттеу қызметінің түрлері мен формалары әр алуан:

  • Заманауи әлеуметтік философия және әлеуметтік-гуманитарлық танымның теориялық және қолданбалы мәселелерін талдау.
  • Диссертация, монография, оқулық, оқу құралдары мен мемлекеттік бағдарламаларды эккпертизалау және талқылау.

Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары:

  • Кәсіби педагогикалық білім мазмұны теориясы мен құрылымының қалыптасуы және дамуы
  • Әлеуметтік және білім беру жүйелерін жобалау
  • Жоғары білім беру жүйесіндегі тәрбие мәселесі
  • Заманауи білім беру технологияларының психологиялық-педагогикалық негіздері
  • Жоғары кәсіби білім беру субъектілерінің өзара әрекеті
  • ЖОО оқытушыларының ғылыми-педагогикалық дайындық мазмұны

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары:

  • Қазақстандағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету;
  • қоғамның мемлекеттік, мемлекеттік емес және азаматтық институттарының әлеуметтік серіктестігі;
  • әлеуметтік үдерістерді жобалау, болжау және басқару;
  • әлеуметтік ақпаратты зерттеу, өңдеу және бағалау;
  • қоғамның әлеуметтік құрылымын және әлеуметтік стратификацияны зерттеу;
  • әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік бейімделу және оны реттеу әдістемесі
  • жаһандану дәуіріндегі әлеуметтік жұмыс институты
  • әлеуметтік жұмыстағы құқықтық қамтамасыз ету сұрақтары
  • әлеуметтік жұмыста инновациялық технологияларды қолдану
  • әлеуметтік технологиялар және әлеуметтік инженерия

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары:

  • дін және құқық, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар;
  • конфессияаралық қатынастардың қазіргі мәселелері және негізгі тенденциялары;
  • Шығыстың діни-философиялық дәстүрлері;
  • діннің мазмұндық талдауы мен зерттеу ерекшеліктері әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде;
  • дінтану, діни философия мен теологиядағы когнитивті және дискурсивті тәжірибелерді зерттеу;
  • халықтың әр түрлі топтарының діни дәрежесін, әлеуметтік топтардың сан-алуан конфессияларға қатынастарын талқылау;
  • мәдениеттанудың теориялық және әдістемелік мәселелері;
  • батыстық және шығыстық мәдениетті тарихи-философиялық зерттеу;
  • аксиологиялық мәселелерді мәдени-философиялық зерттеу;
  • мәдениет тарихы мен философиясының әдістемелік мәселелері;
  • мәдени-антропологиялық және этно-мәдениеттанулық зерттеулер;
  • медиа-мәдениет мәселелерін мәдениеттанулық зерттеу.

Жалпы және этникалық психология кафедрасының ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары:

  • Интеллект және шығармашылық қызметтің этнопсихологиясы;
  • орта мектептің білім беру аумағының психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • дағдарыс жағдайы мен әлеуметтік қақтығыстардың психологиялық салдарын бағалау және мүмкіндігінше болжам жасау;
  • шығармашылықты түсіну психологиясы: кеңес беру және диагностика;
  • ұйымдардағы эмоционалды интеллект және түсіну психологиясы;
  • отбасы психологиясы және гендерлік психология;
  • педагогикалық және іскерлік қарым-қатынас психологиясы;
  • саяси, этникалық және кросс-мәдени психология.

Саясаттану кафедрасы заманауи талаптарға сай саясаттану ғылымдарының өзекті мәселелері бойынша жоспарлы түрде ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізеді:

• Қазақстан қоғамының заманауи саясаттанулық процестері мен демократизациялануын зерттеу;

• ҚР – ның саяси жүйесінің модернизациялану процестерін зерттеу;

• Заманауи саяси технологиялар мен саяси менеджментті зерттеу;

• Халықаралық қарым-қатынас пен глобальді дамудың саяси мәселелерін зерттеу;

• Халықаралық және аумақтық қауіпсіздіктің саяси мәселелерін зерттеу;

• ҚР имидждік дамуын талдау;