Халықаралық қызмет

Халықаралық ынтымақтастық

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің қытайтану кафедрасы қытайлық әріптестерімен кең ауқымды байланыста. Біз ҚХР-дың ҚР-дағы Елшілігімен, Алматыдағы Бас консулдықпен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтымен, ҚР-дағы Қытайдың Банкімен және т.б. тығыз байланыс жасаймыз. Барлық қытайтанушы оқытушылар Қытай университеттерінде, атап айтсақ Пекин, Ланчжоу, Хайнань, Тяньцзин, Аньхуй т.б. қалаларда тілдік және академиялық дайындықтан өтті. Қытай тілін оқитын студенттердін жартысынан көбі ҚХР университеттерінде тілдік тағылымдама өтуге мүмкіндіктері бар. Тек 2010 жылдын өзінде ғана 80 студент ондаған Қытай университеттерінде тілдік тағылымдамадан өтті және әлі де өтуде.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Халықаралық мәселелер (серіктестік) бойынша Департаментінің бастамасымен және қытайтану кафедрасының қатысуымен Ланчжоу университетімен арада екі дипломдық білім жүйесі туралы Келісімге қол қою жұмыстары жүргізілуде. «ШЫҰ Университеті» жобасы аясында «аймақтану» бағыты бойынша бірлескен магистратура туралы Келісімге Мәскеу Мемлекеттік лингвистикалық университетімен қол қойылды және Пекин шет тілдер университетімен, Астаналық Педагогикалық университетпен (Пегин қ.), Синьцзян (Шыңжаң) университетімен талқылау кезеңінде.

Кафедраға оқу және ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру үшін, диссертацияларға ғылыми жетекшілік ету мақсатында, педагогикалық тәжірибе алмасу және арнайы жүргізілетін курстарға бағдарлама дайындау үшін ҚХР-дан мамандар ұдайы шақырылады. Қытайлық әріптестер мен серіктестер - кәсіпорын қызметкерлері – әрдайым біздің университетімізге келіп тұрады. Осы оқу жылынан бастап кафедрамызда Синьцзян Педагогикалық университетінің магистранттары педагогикалық тәжірибе өте бастады. Кафедрамыздың байланыстары кең ауқымды, көп қырлы және келешегі зор, біз де, біздің қытайлық серіктестеріміз де ынтымақтастықтың түрлері мен әдістерін кеңейтуде әрдайым жұмыс жасаудамыз, және өзара ортақ тіл табудамыз.