Спорттық өмір

Факультет салауатты өмір салтын ұстануда да бірқатар спорттық іс‑шараларды өткізумен, спартакиадаларда жиі көрінумен ерекшеленеді. Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, студенттік Маслихат және «Сұңқар» студенттік кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен спорт апталығына байланысты факультетте шахмат және дойбыдан жарыс өтті. Қатысушылар қатарында 1,2,3,4 курс студенттері болды. Олар өз кезегінде шахмат пен дойбы ойындарында бұрын жинаған тәжірибелерімен алмасып, тиісті жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.