Студенттік өмір

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында екі химиялық үйірме ашылды: «Неорганик» (ғылыми жетекшісі профессор Романова С.М.) және «Эколог» (ғылыми жетекшісі профессор Баешова А.К.). Жұмыс дайындалған бағдарламаға сай өткізіледі. Сонымен қатар «Неорганик» үйірмесінде Баглан Ботагоз, Сембекова Асель және Тайгарина Альбина (гр. ХО-101Р) студенттері Үлкен Алматы өзені, Алматы және Тараз қалаларының ауыз суларына химиялық талдау жасағылары келді. Олар ішіп жүрген судың жай ғана H2O емес, құрамында әр түрлі иондар бар ерітінді екендігіне таң қалды.

Сонымен қатар студенттер бейорганикалық химиядан қызықты тәжірибелер жүргізеді. Кезекті студенттік конференцияға 1 курс студенті Нурахметова Инабат (ХТНВ-101Р) мақала дайындап жатыр.

2 курс магистранты Казыбекова Э. 2012 жылдың қаңтар айында ЖШС «Ноумен» қызметкерлерімен бірге үйірмеде орындаған ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелеріне есеп беріп, «За лучший доклад» атты дипломын алды. Біздің кафедра осы ұйыммен творчестволық бірлестік туралы келісіммен жұмыс жасайды.

«Химик-эколог» үйірмесінің мақсаты: химия және химиялық технология факультетінің студенттерін Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларын зерттеу үдерісіне қатыстыру.

Үйірме мүшелерінің алдына қойылған міндеттер:

Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларын зерттеу аясында қазіргі кезде келесі мәселелер қарастырылады::

1) Экологиялық қауіптілігі аса жоғары болып табылатын мекемелерді міндетті түрде сақтандыру жүйесін жетілдіру (ҚР өнеркәсіп мекемелерінің қауіптілік категориясын есептеу жүргізіледі);

2) Таусылатын табиғи ресурстар және олардың қорлары жөнінде ақпараттар жинау мақсатында ҚР әртүрлі региондарының тұрғындарының экологиялық ізі анықталады, мысалы, Алматы, Қарағанды тағы с.с.).

3) Ауыз суының сапасын анықтау әдістемесін игеру (су объекттерінің мониторингі);

4) Қазақстан территориясындағы топырақтың экологиясы;

5) Өндіріс және тұтыну қалдықтары. Проблемалар және оларды шешу жолдары.

6) Ағызынды суларды тазарту әдістері.

ЖЕТІСТІКТЕР

Үйірме мүшелерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 1 мақала жарық көрді (Кондауров Руслан), 1 өнертабысқа авторлық куәлік алынды (Абилкас Айдын) және «А.Б.Бектуров атындағы Қазақстанның химиялық қоғамы» атты қоғамдық ұйым өткізген конкурста 1 жүлделі орынға – 1-ші жүлделі орынға ие болдық (Абилкас Айдын).